Жалпы жануарлар табиғатынан мейірімді болып келеді. Олар да адам секілді бауыр басып, ерекше жақсы көре алады. Сондықтан жануарлар арасында достық болатыны ақиқат.
Ал достық, әсіресе әртүрлі жануарлар арасында байқалса, жүрек елжірейді. Қалыптасқан пікірге қарамастан, күшіктер мен мысықтар бірге ойнап жүрсе, құндыз бен түлкі, мысық пен аламан, арыстан мен тоқты достасса, таң-тамаша болатының анық.
Бұл жыртқыш пен оның құрбаны жау болуы керек деген Джунгли заңын жоққа шығарады. Өмірде осы тектес бір-біріне "жау" жануарлар арасында достық пен бауырмалдық жиі кездеседі.

Приморск өлкесіндегі Борисовка ауылының "Чудесный" хайуанаттар бағындағы Робин есімді үш айлық түлкі баласы мен жанат тәрізді иттің күшігі.

2/15
© AP Photo / Harold Filan
Калифорнияның Сан-Вэлли қаласындағы мысық, ит және аламан. Олар телевидениедегі жануарлар туралы бағдарламаға түсуге арнайы үйретілген. Осы уақыт ішінде жануарлар достасып үлгерді.

3/15
© REUTERS / Cindy Liu
Камбоджада үй арыстаны мен ит суретке түсіп тұр.

4/15
© AP Photo
Маймыл марғауды алдына алып отыр. Куала Лампур, Малайзия. Жүрек тебірентерлік сурет!

5/15
© REUTERS / Alexey Pavlishak
Қырымдағы Охотниково ауылында кірпілер Яша есімді мысықтың қойнына тығылып жатыр.

6/15
© AP Photo
Римде мысық анасынан айырылған алты опоссумға бауыр басып қалды.

7/15
© AFP 2024 / Philippe Huguen
Ұрғашы ит жолбарыс күшігін өзінікінен бөліп-жармай емізуде, Франция.

8/15
© AP Photo
Сьюзи есімді ит өз күшіктері мен жанатты емізіп жатыр, Джорджия штаты.

9/15
© AP Photo / Kerstin Joensson
Кларенс есімді шопанның төбеті Гемингте Синди атты альпакамен ойнап жатыр.

10/15
© AP Photo
Таузенд-Оукс хайуанаттар бағында Спарки есімді қонжық Торпи тасбақаның үстіне шығып отыр, Калифорния.

Астра есімді екі айлық арыстанның баласы Владивостоктағы "Садгород" хайуанаттар бағына жеткізілген соң, зообақ әкімшілігі оның жанына Эльза атты ортаазиялық төбетті жайғастырды. Екеуі енді бірге ойнап, бірге өседі. Вольер дайын болғанға дейін олар зообақ директорының кабинетін паналауда.

12/15
© AP Photo / Don Brinn
Екі айлық үйретілген абдан Клео мен қозы, 1962 жылы "Ең ғажайып әңгімелер" фильмінің түсірілімі кезінде.

13/15
© AFP 2024 / Rodolfo Blanco
Йети есімді ит Камагуэйеде төрт торайды емізіп тұр. Куба, 2011 жыл.

14/15
© AP Photo
Африка маймылының баласы Розалинда мен коккер-спаниель Сьюзи, Бостондағы Франклин атындағы хайуанаттар бағы, 1966 жыл.

Ақ мысық кесірткемен ойнап жатыр.
