Қоғам

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Вице-министр культуры и спорта РК Сакен Мусайбеков
Вице-министр культуры и спорта РК Сакен Мусайбеков - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2021
Жазылу
Сыбайлас жемқорлық дауына іліккен Сәкен Мұсайбеков мемлекетке миллиондаған айыппұл төледі

АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Алматыда алаяқтық жасады деп айыпталған бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековке қатысты үкім шығарылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сотта прокурор айыпталушыға қатысты параның он еселенген мөлшерінде, яғни 62 миллион 394 мың теңге немесе 147 мың доллар көлемінде айыппұл салуды сұрады.   

Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстанда әкім орынбасары пара алғаны үшін ұсталды 

Түрксіб аудандық соты Мұсайбековті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 62 миллион 394 мың теңге көлемінде айыппұл салды.

Сот үкім шығарған кезде айыпталушының кінәсін мойындағанын және жеңілдететін мән-жайларды –  жас балаларының болуын, шын жүректен өкінгенін, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға белсенді үлес қосқанын ескерді.

Үкім заңды күшіне енді.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында Мұсайбеков заңды тұлғаның құрылтайшыларынан букмекерлік қызмет саласында қамқорлық жасағаны үшін пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.   

Жаңалықтар
0