Денсаулық

Маман адам үшін еттің қауіпсіз мөлшері туралы айтып берді

© Photo : pixabay / congerdesignСиыр еті
Сиыр еті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2021
Жазылу
Еттің аз мөлшеріндегі темірдің тәуліктік нормасын өсімдіктен алу үшін үш киллограм жасыл алма жеу керек

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз — Sputnik. Дұрыс тамақтануды насихаттайтын кейбір сарапшылар қызыл еттен бас тартуға кеңес береді. Бұл өнімнің пайдасы мен зияны туралы Sputnik радиосына берген сұхбатында медицина ғылымдарының докторы, диетолог, гастроэнтеролог Ирина Бережная айтып берді.

Бережнаяның айтуынша, қызыл етте, яғни сиыр және қой етінде пайдалы зат көп. Бұл негізінен темір, селен, В тобының дәрумендері және иммунды, орталық жүйке және бұлшық ет жүйесінің жұмысына аса қажет жартылай қаныққан май қышқылдары.

Медицина маманы қызыл еттің аз ғана бөлігінде темірдің тәуліктік нормасы бар екенін атап өтті. Ал бұл норманы өсімдік өнімдерінен алу үшін үш килограмм жасыл алманы қабығымен немесе бір килограмм қарақұмық ботқасын жеуге тура келеді.

Белсенді өмір салтын ұстанатын адамдар етті көп мөлшерде жеу қажет екенін де естен шығармаған дұрыс.

"Егер сіз спортшы болсаңыз және физикалық жүктемеңіз жоғары болса, онда күні бойы компьютер алдында отыратын адамға қарағанда сізге көп мөлшерде қызыл ет жеу керек. Себебі бұлшық ет амин қышқылдарының үлкен мөлшерін қажет етеді", - деп түсіндірді Бережная.

Диетологтың айтуынша, дені сау адам үшін аптасына 400-500 грамм қызыл ет жеу қауіпсіз болып саналады. Артық салмағы бар, холестерин деңгейі жоғары, жүрек-қантамыр ауруына шалдыққан адамдарға майлы қызыл еттен бас тартқан абзал.

"Құрамында ағзаға аса қажетті болып саналмайтын холестерин, майлы амин қышқылдарының мөлшері жоғары болғандықтан, кейбір ет түрлерін тұтынуға шектеу қоямыз. Себебі трансмайларды ағза тез қорытып, ол май бөлшектері түрінде жиналуы мүмкін", - деді Бережная.

Оқи отырыңыз: Неше сағат сайын тамақтанған дұрыс – дәрігер жауабы

 

Жаңалықтар
0