Экономика

Қордайда кішкентай бала аттракционнан құлады – қорқынышты видео

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуАттракцион "Свободное падение", архивное фото
Аттракцион Свободное падение, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2021
Жазылу
Маусым айында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов аттракциондардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жайында айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысының Қордай ауданында 10 жасар бала аттракционнан құлап, жазым бола жаздады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына сілтеме жасап.   

Әлеуметтік желіде тараған видеода үш баланың отырғаны анық көрінеді. Ал үлкендердің біреуі бәрін видеоға түсіріп тұр. Аттракционды қосып қалғанда бір бала жерді сүзіп тұрып, қатты құлайды.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 9 тамызда болған. Аттракционнан құлаған бала жарақат алған болуы тиіс. Бірақ медициналық көмекке жүгінген жоқ. Ата-анасы полицияға да арыз түсірмепті. Әкімдік қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, бала абайсызда қауіпсіздік белдігін шешіп тастаған. 

"Бала қауіпсіздік белдігін шешіп тастады. Сол себепті жерге құлаған. Саябақ дирекциясы аттракцион жұмысын уақытша тоқтатуға шешім қабылдады", - дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрболат Сатымқұл. 

Айта кетері, маусымның ортасында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов аттракиондардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жайында айтқан. Оның айтуынша, аттракционды іске қосу үшін арнайы комиссия мен өндірістік қауіпсіздік комитетінің рұқсаты қажет. Ал аттракцион ресми түрде тіркеуге алынбаса, оның иесіне ескерту жасалады. Тиісті талаптар орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.

 

Жаңалықтар
0