Қоғам

Маман туыстар чатына кірген жұрт қалай алданып қалатынын айтты

© Photo : Youtube/OLX КазахстанСмартфон, архивтегі сурет.
Смартфон, архивтегі сурет. - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2021
Жазылу
Ондай алаяқтар жақын туыстың атынан хабарлама жазып, өзі жіберген сілтеме арқылы өтуге кеңес береді. Кейін SMS-пен келген кодты сұрап алады

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Ресейлік "Код Безопасности" компаниясының бөлім басшысы Павел Коростелев WhatsApp мессенджерінің қолданушылары туыстар чатында қалай алданып қалатынын айтып берді, деп жазды Лента.ру.

Маманның айтуынша, хаккерлер топтық чаттар арқылы халықты жиі алдай бастады. Ондай әрекеттер, көбінесе, туыстар мен отбасы мүшелері отырған чаттарда жасалады.

"Киберқылмыскерлер WhatsApp-та туысқан адамның атынан хат жазып, сайттың бір сілтемесін жібере салады. Сосын сол сайтта шыққан батырманы басуды немесе ұялы телефонға SMS-пен келген кодты беруді сұрайды. Қазіргі кезде осындай алаяқтық әрекеттер кеңінен тарала бастады", — дейді Коростелев.

Хаккерлер көп жағдайда егде жастағы адамдарды таңдайды. Себебі оларға мессенджерді балалары немесе немерелері орнатып берген. Ал өздері техникалық және қауіпсіздік жағын көп біле бермейді. Сондықтан зейнет жасындағы адамдар сенгіш келеді, интернет арқылы хабарласқан адамдарға жиі алданады. 

Оқи отырыңыз: Кредит мақұлданды: сарапшы "банк қызметкерлерінің" жаңа айласы туралы айтты

"Алаяқтар алдымен аккаунтқа кіріп алуды көздейді. Содан кейін интернет-банкингтің паролі мен логинін біліп алуға тырысады. Мысалы, бір аккаунтты ұрлап кетсе, сол адамның таныстары мен туыстарымен сөйлесіп, олардың есепшотындағы ақшаны да оп-оңай ұрлайды", - деп атап өтті Коростелев.

Осы орайда маман алаяқтардың арбауына түспеудің жалғыз жолын атады. Ол – ешқандай сілтемелерді баспау, күмәнді сайттарға өтпеу. Ал, ең бастысы, жеке мәліметтерді енгізуге болмайды.

"Егде жастағы адамдардың балалары мен немерелері түрлі сілтемелер мен қызықты ұсыныстардың қауіпті екенін ескертуге тиіс. Осының арқасында кибералаяқтарға алданған адамдар да азаяды", — деді Коростелев.

Жаңалықтар
0