Оқиға

Тоғайда торуылдаған: Алматыда бірнеше әйелді зорлаған қылмыскер сотталды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2021
Жазылу
Пышақпен қаруланған ер адам тоғайдың адам аяғы баса бермейтін учаскелерінде әйелдерді аңдыған

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Баум тоғайында бірнеше рет зорлық-зомбылық қылмысын жасаған ер адам ұзақ жылға сотталды, деп мәлімдеді Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Ол ер адамның суретін жариялап, оның Қылмыстық кодекстің 121-бабы 2-тармағы 4-тармақшасы "Бірнеше рет жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша сотталғанын мәлімдеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

Отыз жастағы Айдарханов тоғайдың адам аяғы баса бермейтін учаскелерінде әйелдерді аңдып, пышақпен қорқытып, зорлаған.

Полиция осындай қылмыстың төрт фактісін дәлелдеді.

Тергеумен Түрксіб ауданы полиция басқармасының тергеушілері айналысты.

Қаскөйдің қанша жылға сотталғаны хабарланған жоқ. Бірақ бұл бап бойынша тоғыз жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Жаңалықтар
0