Әлем

Pfizer мен Moderna дельта-штамға қарсы қаншалықты тиімді

© AFP 2024 / ALFREDO ESTRELLAСотрудница центра массовой вакцинации передает медику шприц
Сотрудница центра массовой вакцинации передает медику шприц  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2021
Жазылу
Moderna және Pfizer препараттарын салғызған 180 мың адам қатысқан зерттеу қаңтардан шілдеге дейін жүргізілді

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Коронавирустың дельта-штамына қарсы Pfizer вакцинасына қарағанда Moderna компаниясының препараты әлдеқайда тиімді екені анықталды. Бұл туралы MedRxiv сайтында жарияланған зерттеуде айтылған, деп хабарлайды РИА Новости. 

Күні кеше Ресейдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко "Спутник V" вакцинасының дельта-штамға қарсы тиімділігі 83 процентті құрайтынын мәлімдеді.

Америкалық ғалымдар уақыт өте келе вакцинаның тиімділік қарқыны қандай болатынын зерттеді. Moderna және Pfizer препараттарын салғызған 180 мың адам қатысқан бұл зерттеу қаңтардан шілдеге дейін жүргізілді.

Зерттеу барысында екі вакцина да жоғары тиімділік көрсетті: Moderna — 86 процент, ал Pfizer — 76 процент. Алайда шілдеде дельта-штамм тараған шақта препараттардың көрсеткіші төмендеген.

"Миннесотада (бастапқыда зерттеу жүргізілген аймақ) ауру жұқтырғандар санының артуы жағдайында шілдеде инфекцияға қарсы mRNA-1273 (Moderna) тиімділігі алдыңғы айлардағыдай әлдеқайда төмен (76 процент <...>) екені тіркелді. Ал BNT162b2 (Pfizer) препаратының тиімділігі айтарлықтай бәсеңдеді (42 процент <...>)", — деп жазылған мамандардың қорытындысында.

Сонымен қатар ғалымдар Moderna препаратын салғызғандар арасында коронавирус жұқтырғандар жиілігі едәуір төмен екенін мәлімдеді. Ал аурухана жатқандар саны екі топта да бірдей болды.

Зерттеушілер басқа штаттардағы вакцина алған азаматтардың ауру жұқтыру жағдайын да тексеріп, Moderna екпесін алғандар Pfizer препаратын таңдағандарға қарағанда аз вирус жұқтырғанын анықтады.

"Егер барлық тіркелген жағдайды біріктіріп қарастырсақ, онда Pfizer-мен салыстырғанда Moderna препараты вакциналаудан кейін вирус жұқтыру қаупін екі есе төмендетеді", - деп түйіндеді ғалымдар.

Жаңалықтар
0