Өңірлер

Нұр-Сұлтанда бір әйелдің кесірінен жолаушылар автобустан түсуге мәжбүр болды

© Photo : департамент транспортного контроля CTSЖолаушылар билетін тексеру, архив сурет.
Жолаушылар билетін тексеру, архив сурет. - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2021
Жазылу
Санитар дәрігердің қаулысымен келіспейтінін айтқан әйел медициналық маска тақпаймын деп қиғылық салды

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз — Sputnik. Нұр-Сұлтанда автобуста маскасыз отырған әйел бақылаушылардың ескертуіне құлақ аспай, шу шығарғандықтан полиция шақырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көлікті бақылау департаментінің қызметкерлері мониторинг жүргізу барысында 25 маршрутындағы автобус салонында маскасыз отырған әйелді анықтады.

Бақылаушы оған сыпайы түрде ескерту жасап, елімізде маска тағу режимі аяқталмағанын еске салды. 11 тамызда болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

"Жолаушы әйел бақылаушының ескертуіне ашуланып, дауыс көтерді. Ол маска тағудан үзділді-кесілді бас тартып, санитар дәрігердің қаулысымен таныс екенін және онымен келіспейтінін айтты. Бұдан кейін департамент қызметкері әйелден көліктен шығуын сұрады. Алайда бұл жолы да әйел қарсылық танытты", - деп түсіндірді CTS көлік компаниясының баспасөз қызметі.

Бараев аялдамасында көлік бақылаушысы полиция шақырды. Оқиғаның мән-жайы анықталғанша, автобус бір орында жарты сағат тұрған. Сондықтан өзге жолаушылар көліктен шығып, басқа маршрутқа отыруға мәжбүр болды.

Профилактикалық әңгімеден кейін әйел де автобустан шықты. Оған айыппұл салынбағаны мәлім болды.

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің 2020 жылдың 10 тамыздағы қаулысына сәйкес, қоғамдық көлік жолаушылары медициналық маска тағуға міндетті.

Сондай-ақ көлік компаниясының баспасөз қызметі соңғы жеті айда көлік бақылаушылары жолаушылардың маскасыз жүруінің екі мыңнан астам жағдайын анықтағанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Жезқазғанда жолда тоқтаған көліктің ішінде түсірілген видео желіде қызу талқыланды

 

 

 

Жаңалықтар
0