Әлем

Иран Ресеймен қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруді ұсынды

© AFP 2024 / ATTA KENAREФлаг Ирана
Флаг Ирана - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2021
Жазылу
Иран президенті Ресеймен ынтымақтастықты барынша кеңейту және нығайту туралы құжатқа қол қою қажеттігін айтты

НҰР -СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. АҚШ Тегеранға Ресей мен Қытайдан қару-жарақ жеткізуді тоқтату үшін санкция енгіземіз деп сес көрсетті. Бұл туралы РИА Новости жазды.

"Қытай немесе Ресейге қарай бет бұру Таяу Шығыс елдерінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына көмектеспейді. Оның үстіне қазір олар Иранға қару-жарақ қуатын арттыруға қол ұшын созуда", - деп мәлімдеді Пентагон өкілі.

Алайда бұл сөздер Ресейдің Шығысқа бет бұруына не себеп болғанын бұрмалап жеткізуде. Себебі мәселе тек Тынық мұхиты өңірінде емес, ол бүтіндей Азияда, ислам әлемінде болып отыр. Сондықтан бұл тұста расында да Иран негізгі серіктестің біріне айналды. Ресей мен Иранды жүз жылдық тарих байланыстырып тұр және ол қарым-қатынастың болашағы Мәскеу мен Тегеран үшін ғана емес, сондай-ақ әлемдегі жағдай үшін де маңызды.

Установка гидроочистки дизельного топлива Prime D 3205 комплекса глубокой переработки нефти Атырауского НПЗ - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2021
Әлем
Ресей АҚШ-қа мұнай жеткізуден екінші орынға шықты
Ресей Иранмен қарым-қатынасты дамытуға үлкен мән береді, деп мәлімдеді Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раиси өз қызметіне кірісуден бір күн бұрын Мемлекеттік дума спикері Вячеслав Володин. Бұл кезекті сыпайылық емес. Себебі ирандардың жаңа президенті ресейлік саясаткерге екі ел қарым-қатынасы әлі де жеткіліксіз деңгейде екенін айтып, оны жаңа деңгейге шығаруды ұсынды. Ол осы мақсатта екі мемлекеттің ынтымақтастығын барынша кеңейту және нығайту туралы Ресей-Иран арасындағы құжатқа қол қою қажеттігін айтты.

Володин Раисидің бұл ұсынысын РФ президенті Владимир Путинге жеткізуге уәде етті. Жалпы бұл келісімге жақында қол қойылатынына еш күмән жоқ. Жақында ғана Иран Қытаймен дәл осы тектес құжатты мақұлдағанын ескерсек, Мәскеу – Тегеран – Бейжің үштік альянсы құрылғалы тұр.

Мұндай одақтың жақында құрылатыны анық еді. Бұл Ресей мен Қытайдың ядролық мәміле бойынша келіссөзі кезінде ғана көрініс тапқан жоқ. Сондай-ақ екі ел Сирия бойынша жалпы позицияда да, осы жылдың ақпанында Үнді мұхитында өткен үш елдің бірлескен әскери-теңіз оқу-жаттығулары кезінде де Тегеран мүддесін жақтады.

Иран жақын уақытта Шанхай Ынтымақтастық ұйымының, бірақ алдымен Ресей-Қытай альянсының толыққанды мүшесіне айналады. Қазір барлығы бірлесіп Ауғанстан мәселесімен айналысуы керек. Сирия мен Ауғанстаннан бөлек үш мемлекеттің өңірлік ауқымнан тыс та көптеген ортақ мәселесі бар.

Мысалы, Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" жобасы мен Иран және Ресей үшін ортақ Каспий теңізі арқылы Еуропамен Парсы шығанағын байланыстыратын "Солтүстік – Оңтүстік" дәлізінің транскаспийлік дәлізі бойынша көлік дәліздерін атауға болады. Бұл түрік бұғазына үлкен бәсекелес болып қана қоймай, англосаксондардың әрекетімен оқшауланып қалған елді әлем қатынасына тарту бойынша геосаяси шара болмақ.

Себебі Иран Ислам Республикасы өзі қалыптасқан уақыттан бері өте қатаң санкциялардың ықпалында тіршілік етіп келеді. Батыс оны терроризмді қолдаушы "жексұрын" мемлекет ретінде шеттетіп келеді. Ал Иран атом бомбасын жасау бойынша жоспары жоқ екенін бірнеше рет ашық айтты. Бірақ құлақ асатын ешкім жоқ. Себебі олар Иран ислам әлемінің көшбасшысына айнала ма деп қауіптенеді.

Афганские силы общественной защиты (APPF) стоят на страже аванпоста, созданного против боевиков Талибана в Каджаки, Афганистан - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2021
Ауғанстандағы әскери қимылдар Орталық Азияға қарай ығыса бастады
Иә, шейіттік Иран барлық мұсылман үшін үлгі және идеялық рухтандырушы болуды қалайды. Бірақ батыс өз бетінше әрекет ете алатын және әркімнің айдауына жүре бермейтін тәуелсіз ислам өркениетіне қуана қоймасы хақ.

Иран – әлемнің расында да тәуелсіз елдерінің бірі. Дәл осы тектес мемлекеттер жаһандық қауіпсіздікті құра алады. Бірақ бұл ұзаққа созылатын процесс. Сондықтан Иранға және басқа да державаларға осы жолда барлық қысымға төтеп беруге тура келеді. Мұны бірігіп жүзеге асыру керек. Раисидің Володинге мына сөзді айтуының да астарында осы ой жатыр.

"Ресейдің экономикалық үдерісі мен оның өз-өзін қамтамасыз ету қарқынына біздің көңіліміз толады. Біз АҚШ пен Еуропаның қатаң санкциялары себепші болған экономикалық қиындықтарға қарсы тұру мақсатында экономикалық тұрақтылық саясатын жүргізуге толық дайынбыз", - деді Иранның жаңа президенті Раиси.

Сол себепті Иран Еуразиялық экономикалық одақпен өзара әрекеттестігін тереңдетіп қана қоймай, Ресеймен қарым-қатынасты да дамыта түседі деп болжануда. Бұл Иран билігінің стратегиялық таңдауы. Оны президент емес, жоғарғы көшбасшы аятолла Хаменеи қабылдап отыр. Бірақ Хаменеи мен Раисидың бұл мәселедегі ұстанымдарында қайшылық жоқ. Оның үстіне 60 жастағы Ибрахим Раиси 82 жастағы Хаменеидің мұрагері болатынын есепке алсақ, онда Тегеранның Мәскеуге қатысты бағдары өзгермейтін секілді.

Жаңалықтар
0