Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Алматыда тұрғындардың сүйікті демалыс орны жөнделді – фото

Жазылу
Sputnik Қазақстанның фототілшісі Алматыдағы терренкурдың жаңарған келбетін тамашалап, "денсаулық сүрлеуімен" серуендеп қайтты

Терренкурге астана күніне орай жөндеу жүргізілді. Жөндеу жұмыстары Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жылы басталған еді. 

Терренкурдегі көпірлер жаңартылып, жаяу жүргіншіге арналған аумақ жабдықталды, сондай-ақ түрлі конструкциялар жөндеуден өтті.

Қала тұрғындарының қолайлығы үшін навигациялық бағаналар, орындықтар, спорт және балалар ойнайтын алаңдар, гүлзарлар қалпына келтірілді.

Әл-Фараби даңғылының астынан өтетін туннель қабырғасы да қоршалып, Сәтбаев көшесінен төмен орналасқан гидротехникалық нысан да абаттандырылды. Ал Оқушылар сарайының артында үлкен алаң салынды. Мұның барлығы ағашты қолдану арқылы жүзеге асырылды.

Сонымен қатар терренкурде 5 мыңға жуық бұта мен 150 ағаш отырғызылды. Олар Кіші Алматы өзенінің жағалауын нығайтып тұр. Қала тұрғындарының ұсынысы бойынша көлік тұрағының орнына спорт және балалар ойнайтын алаңдар салынып, дәретханалар тұрғызылды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанның жанға жайлы демалыс орындары – фото

Терренкур – Кіші Алматы өзенінің бойындағы ұзындығы 4,5 километр болатын жаяу жүргіншіге арналған жол. Ол "Арман" кинотеатрының арт жағынан басталып, Достық даңғылы мен Оспанов көшесінің қиылысындағы суат жанында аяқталады. Терренкур 1974 жылы салынған. Оның ең биік нүктесі теңіз деңгейінен 1058 метрде, ең төменгісі 876 метрде орналасқан.

Терренкур сөзін француз тілінен аударғанда "жергілікті аумақ" және "емдеу курсы" деген ұғымдарды біріктіреді. Терренкур шипажайдағы емдеу курсының әдісі ретінде белгілі. Ол жаяу серуендеу және таулы аймақта түрлі бағдар бойынша биікке көтерілуді қарастырады.

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыдағы терренкур тек жаяу жүргіншіге арналған территория.
Алматыдағы терренкур. - Sputnik Қазақстан
1/16
Алматыдағы терренкур тек жаяу жүргіншіге арналған территория.
© Sputnik / Тимур БатыршинТерренкурге астана күніне орай жөндеу жүргізілді. Жөндеу жұмыстары Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жылы басталған еді.
Терренкурге жөндеу жұмыстары жүргізілді. - Sputnik Қазақстан
2/16
Терренкурге астана күніне орай жөндеу жүргізілді. Жөндеу жұмыстары Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жылы басталған еді.
© Sputnik / Тимур БатыршинКейбір аумақтағы конструкциялар жаңартылып, судың еш кедергісіз ағуы қамтамасыз етілді.
Терренкурдегі арналар.  - Sputnik Қазақстан
3/16
Кейбір аумақтағы конструкциялар жаңартылып, судың еш кедергісіз ағуы қамтамасыз етілді.
© Sputnik / Тимур БатыршинТерренкурды реконструкциялау аясында Әл-Фараби даңғылындағы туннель қабырғалары қоршалды.
Әл-Фараби даңғылындағы туннель - Sputnik Қазақстан
4/16
Терренкурды реконструкциялау аясында Әл-Фараби даңғылындағы туннель қабырғалары қоршалды.
© Sputnik / Тимур БатыршинТерренкур – Кіші Алматы өзені бойымен 4,5 километрге созылып жатқан жаяу жүргіншіге арналған жол.
Кіші Алматы бойындағы терренкур. - Sputnik Қазақстан
5/16
Терренкур – Кіші Алматы өзені бойымен 4,5 километрге созылып жатқан жаяу жүргіншіге арналған жол.
© Sputnik / Тимур БатыршинБарлық абаттандыру жұмысында ағашты қолдану оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарын қатты қуантты.
Абаттандырылған терренкур. - Sputnik Қазақстан
6/16
Барлық абаттандыру жұмысында ағашты қолдану оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарын қатты қуантты.
© Sputnik / Тимур БатыршинКөше суретшілерінің көмегімен терренкурдегі бірнеше орында арт-бұрыштар ұйымдастырылды.
Терренкурдегі арт-бұрыш. - Sputnik Қазақстан
7/16
Көше суретшілерінің көмегімен терренкурдегі бірнеше орында арт-бұрыштар ұйымдастырылды.
© Sputnik / Тимур БатыршинТерренкурдағы арқан мен ағаштан құралған шағын қалашық балалардың көңілінен шыққан секілді.
Терренкурдегі балалар қалашығы. - Sputnik Қазақстан
8/16
Терренкурдағы арқан мен ағаштан құралған шағын қалашық балалардың көңілінен шыққан секілді.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚала тұрғындары мен қонақтарының қолайлығы үшін терренкурде орындықтар мен навигация бағаналары орнатылды.
Терренкурдегі орындықтар. - Sputnik Қазақстан
9/16
Қала тұрғындары мен қонақтарының қолайлығы үшін терренкурде орындықтар мен навигация бағаналары орнатылды.
© Sputnik / Тимур БатыршинАтом құрылымын еске түсіретін бұл конструкция балалардың өрмелеуіне арналған.
Терренкурдағы конструкция. - Sputnik Қазақстан
10/16
Атом құрылымын еске түсіретін бұл конструкция балалардың өрмелеуіне арналған.
© Sputnik / Тимур БатыршинСүйеніштері бар бұл көпір балалар ойнайтын алаңға апарады.
Терренкурдағы көпір. - Sputnik Қазақстан
11/16
Сүйеніштері бар бұл көпір балалар ойнайтын алаңға апарады.
© Sputnik / Тимур БатыршинТерренкурдың жаңа келбеті әсерлі де әдемі суреттер түсіруге қолайлы.
Терренкурдің жаңа келбеті.  - Sputnik Қазақстан
12/16
Терренкурдың жаңа келбеті әсерлі де әдемі суреттер түсіруге қолайлы.
© Sputnik / Тимур БатыршинТерренкурда тек серуендеп және табиғатты тамашалап қана қоймай, қаланың қауырт тіршілігінен бір сәт демалуға болады.
Терренкурдегі демалыс.  - Sputnik Қазақстан
13/16
Терренкурда тек серуендеп және табиғатты тамашалап қана қоймай, қаланың қауырт тіршілігінен бір сәт демалуға болады.
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin TimurСпорт алаңы салауатты өмір салтын ұстанатын адамдарды асыға күтуде.
Терренкурдегі спорт алаңы. - Sputnik Қазақстан
14/16
Спорт алаңы салауатты өмір салтын ұстанатын адамдарды асыға күтуде.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚала тұрғындарының ұсынысы бойынша көлік тұрағының орнына спорт және балалар ойнайтын алаңдар салынып, дәретханалар тұрғызылды.
Терренкурдегі дәретхана. - Sputnik Қазақстан
15/16
Қала тұрғындарының ұсынысы бойынша көлік тұрағының орнына спорт және балалар ойнайтын алаңдар салынып, дәретханалар тұрғызылды.
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin TimurТерренкурде велосипед немесе самокат айдауға тыйым салынған.
Самокатқа тыйым салынған. - Sputnik Қазақстан
16/16
Терренкурде велосипед немесе самокат айдауға тыйым салынған.
Жаңалықтар
0