Білім

Қазақстанда мектептер алты күндік оқу аптасына ауыса ма

© AFP 2024 / TOBIAS SCHWARZДети идут в школу
Дети идут в школу  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2021
Жазылу
Министр былтыр қашықтан оқу, аралас форматта білім беру кезіндегі олқылықтар орнын толтыру үшін сабақ барысында жұмыс атқарылатынын айтты

АЛМАТЫ, 11 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мүмкіндігі бар мектептер бес күндік оқу аптасында қалатынын айтты. Ал кей мектеп жұмысты бес күнге ұйымдастыра алмаса, өз ішінде алтыншы күнге сабақ қоя алады.

"Мектептерде бес күндік оқу аптасы қажет екенін айтып жатырмыз. Алайда пандемияға байланысты әлеуметтік арақашықтық, оқу процесін ұйымдастырудың ерекшелігі бар. Егер мектеп бес күндік оқу аптасында жұмысты ұйымдастыра алмаса, мұндай жағдайда кей сыныпты, кей сабақты алтыншы оқу күніне ауыстыра алатынын түсінуіміз керек. Жалпы бес күндік оқудан алты күндік оқуға ауысу жоспарланып отырған жоқ", - деді министр Tengrinews порталының Instagram парақшасында берген сұхбатында.

Сондай-ақ бұған дейін де кей мектептің сабақтарды бес күнге ыңғайлай алмауына байланысты 6 күн бойы жұмыс істегенін еске салды.

"Егер мүмкіндік болса, бала үшін де, ұстаз үшін де бес күндік оқу аптасы жақсырақ екені белгілі. Алайда бұл мектеп мүмкіндігіне байланысты", - деді Аймағамбетов.

Сонымен қатар министр былтыр қашықтан оқу, аралас форматта берілген білімнің ақау тұстарын орнына келтіру мақсатында сабақ барысында жұмыс атқарылатынын айтты.

"Ол үшін тиісті бағдарлама дайындалды. Биыл былтырғы бағдарламаны қайталауға, түсінбеген тұсын анықтап, олармен жұмыс істеу бойынша арнайы жоспар бар", - деді министр.

Айта кетері, 2021-2022 оқу жылы дәстүрлі форматта басталады.

Жаңалықтар
0