Экономика

Президент инфляцияны тұрақтандыруға қатысты тапсырма берді

© Sputnik / Абзал КалиевНациональная валюта Казахстана тенге
Национальная валюта Казахстана тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2021
Жазылу
Әлемдік экономиканы қалпына келтіруде инфляция мен инфляциялық болжамдар басты кедергі болатыны айтылды

АЛМАТЫ, 11 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың есебін тыңдады.

Досаев мемлекет басшысына 7 айдағы ақша-несие саясатын іске асырудың алдын ала қорытындылары туралы есеп берді, деп хабарлады Ақорда.

"Ұлттық банк төрағасы президентке коронавирустың жаңа толқынының таралуына байланысты халықаралық валюта қорының әлемдік экономиканы қалпына келтіру қарқыны мен қаржы нарықтарын түзетуге қатысты болжамдарды қайта қарағаны жөнінде ақпарат берді", - делінген ақпаратта.

Әңгімелесу барысында әлемдік экономиканы қалпына келтіруде инфляция мен инфляциялық болжамдар басты кедергі екені айтылды.

Мемлекет басшысына еліміздегі инфляцияның жылдам өсу себебі (2021 жылдың шілдесіндегі қорытынды бойынша – 8,4%) және инфляцияны тұрақтандыру мақсатында Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені (9,25%-ке дейін) көтеру туралы шешімі жөнінде мәлімет берілді.

Ерболат Досаев карантиндік шектеулер кезінде іскерлік белсенділікті біртіндеп қалпына келтіру, Ұлттық банктің алтын-валюта қоры мен Ұлттық қордағы қаражаттың жағдайы, сондай-ақ, зейнетақы активтері өсімінің оң динамикасы туралы да баяндады.

Сондай-ақ төлем балансының қазіргі шоты туралы айтылды. Алдын ала мәліметке қарағанда, бірінші жартыжылдықта экономикалық белсенділіктің артуы мен тұтынушылық импорттың өсуі салдарынан 1,7 миллиард АҚШ доллары көлемінде тапшылық қалыптасқан.

Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордың активтерін сақтауға және арттыруға ерекше назар аударып, Үкіметпен бірлесіп инфляцияны тұрақтандыру бойынша тиімді шаралар қабылдауды тапсырды.

Жаңалықтар
0