Елорда тынысы

Сібірдегі орман өртінің түтіні Нұр-Сұлтанға жетті - Қазгидромет

© Sputnik / Абзал КалиевСмог в столице
Смог в столице - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2021
Жазылу
Алдағы күндері түтін сейіледі деп болжап отыр синоптик мамандар

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Сібірдегі орман өртінің түтіні Нұр-Сұлтанға дейін жетті.

Қазгидрометтің хабарлауынша, циклонның әсерінен республиканың солтүстік өңірлерінде бұлтты ауа-райы сақталып отыр. Ал ауа ағындары Сібірдегі орман өртінің түтінін алып келді. Оған қоса, атмосфераның беткі қабатындағы ылғалдың жоғары мөлшері ластаушы заттардың концентрациясын (жану өнімдері, пайдаланылған газдар және т.б.) жинауға қолайлы болды.

"2021 жылдың 10-11 тамызында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында атмосферада азот диоксиді бойынша шекті рұқсат етілген норма 1,7-ден асып кеткен", - дейді синоптиктер.

Алдағы күндері ауқымды циклонның ықпалы әлсірейді. Түтін сейіліп, салқын ауа массасы келеді.

"Болжам бойынша 12 тамызда және 13 тамыз түнде жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі. Ауа температурасы түнде 8-10 градусқа, күндіз 16-18 градусқа дейін төмендейді", - делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Якутиядағы орман өртінің түтіні Павлолар және Шығыс Қазақстан облыстарына жеткені хабарланған еді. 

Жаңалықтар
0