Елорда тынысы

Елордада коронавирус жұқтырған 7 бала ауыр хәлде жатыр

© PhotoРука ребенка, иллюстративное фото
Рука ребенка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2021
Жазылу
Маусым айынан бастап балалар айқын көрінген клиникалық белгілермен түсе бастады. Интоксикация, қалтырау, дене қызуының көтерілуі де болуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында індетке шалдыққан 74 бала стационарларда емделіп жатыр, соның ішінде жетеуінің жағдайы ауыр. Бұл елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі таңда оң нәтижесі бар 74 бала стационарда ем қабылдауда, соның ішінде палаталарда 7 бала ауыр жағдайда жатыр. Өткен тәулікте 12 бала ауруханаға түсті. Амбулаторлы түрде ем алып жатқандардың саны – 834 бала", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Мұратов жансақтау бөлімшелерінде балалар жоқ екенін атап өтті.

Жалпы жыл басынан бері 10 мыңнан астам бала коронавируспен ауырған.

Айтуынша, маусым айынан бастап балалар айқын көрінген клиникалық белгілермен түсе бастады. Бұл интоксикация, қалтырау, дене қызуының көтерілуі, катаральды көріністер де болуы мүмкін.

"Балалар отбасында екпе алмаған адамдармен байланыста болғаннан кейін ауыра бастағандығын атап өткім келеді. Яғни, вирусты балаларға бірінші кезекте вакцина салдырмаған туғандары мен жақындары жұқтырады", деді басқарма басшысы.

Жаңалықтар
0