Спорт

Спорт министрі отставкаға кетуі керек – Арыстанбек Мұхамедиұлы

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр культуры и спорта Арыстанбек Мухамедиулы
Министр культуры и спорта Арыстанбек Мухамедиулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2021
Жазылу
Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы басшысы қазақстандық спортшылардың Олимпиадада сәтсіз өнер көрсетуіне кадрдың жиі ауысуы себеп болды деп есептейді. Ол сондай-ақ Серік Сәпиевтің декреттік демалысы туралы айтты

НҰР -СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бұл қызметтегі өзінің ізбасары Ақтоты Райымқұлованы сынға алды. Оның пікірінше, ол отставкаға кетуі керек.

Мұхамедиұлы "Жетінші арнаның" эфирінде Қазақстан спортшыларының Токио Олимпиадасында бірде-бір алтын медаль ала алмай, 8 "қоланы" қанағат тұтуына себеп болған жайттар туралы әңгімеледі.

"Олимпиадаға бір жыл қалғанда біздің даңқты министрлікте спортқа жауапты үш вице-министр ауысты. Елдос Рамазанов жұмыс істеп жүрді, Олимпиадаға бір жыл қалғанда оны шеттетіп, басқа вице-министр Сәкен Мұсайбековті әкелді, одан кейін Олимпиаданың алдында Ерлан Қожағапанов тағайындалды", - деді экс-министр.

Тоқаев Олимпиада қорытындысы туралы: бөлініп отырған мол қаражатқа сәйкес келмейді

Ол сондай-ақ министрлікке қарасты спорт және дене шынықтыру комитетінің басшысы Серік Сәпиев Олимпиадаға жарты жыл қалғанда декреттік демалысқа шыққанын еске салды.

"Әрине, ол өзі қалаған жоқ (демалысқа кетуді – Sputnik), оны жұмыстан шығарғысы келді, бірақ ол өз құқығын пайдаланып, бір амалын тапты", - деп мәлімдеді Мұхамедиұлы.

"Ол жерде спорт комитеті төрағасының орынбасары, тамаша маман Серік Жарасбаев болды, өмір бойы істеген... Ал оны Олимпиадаға дейін жұмыстан шығарып жіберді. Әдетте Олимпиадаға бір жыл қалғанда барлығы бір кісідей жұмылып, көздеген мақсатқа ұмтылатын. Оның орнына тізгін ұстайтындарды ауыстыра бастаса, әрине, бұл спортшыларға да, жаттықтырушылар құрамына да әсер етеді", - деп жалғастырды ол.

Журналист Мұхамедиұлынан Қазақстан құрамасының Олимпиададағы нәтижесіне байланысты министрлік басшысы Ақтота Райымқұлова отставкаға кетуі керек пе деп сұрады.  

"Егер жеңіліс болса, әрқашан мойындау керек. Иә, әрине, міндетті (отставкаға кетуге – Sputnik). Бұл жерде жай ғана "иә" немесе "жоқ" дей салуға болмайды, солай істеуге міндетті. Жауапкершіліктен қорқудың қажеті жоқ", - деп жауап берді экс-министр.

"Барлық жағдайда жауапкершілік алу керек, мұнда қорқынышты ештеңе жоқ. Мысалы Ерболат Досаевты алайық: жер мәселесі болған кезде орнынан тұрып, президенттен отставкаға жіберуін сұрады. Одан ол ұтылмады, керісінше бәрі "жарайсың" деп арқасынан қақты", - деп түйіндеді Мұхамедиұлы.  

Жаңалықтар
0