Денсаулық

COVID-ке байланысты елдегі жағдай: Цой президентке есеп берді

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуВакцинация мигрантов от COVID-19 на территории ТЦ "Садовод"
Вакцинация мигрантов от COVID-19 на территории ТЦ Садовод - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2021
Жазылу
Осы уақытқа дейін 5,9 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компоненті салынды. Бұл барлық халықтың 59 проценті

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.

Министр президентке коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жайында есеп берді. Оның айтуынша, елордада індетті жұқтыру қарқыны баяулап, эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Дегенмен соңғы бір аптаның ішінде Қазақстанда ауру жұқтырғандардың саны 10 процентке артып отыр.

1 тамыздан бастап елімізде індеттің таралу индексі 1,11-ден 1,01-ге дейін төмендеп, 9 процентті құраған. Нұр-Сұлтан қаласында бұл көрсеткіш 1-ден төмен болса, Алматыда 19%-ке азайды.

Ресми мәліметке сәйкес, республика бойынша орналасқан 328 медицина нысанында 55 658 науқас емделіп жатыр. Инфекциялық төсек-орындардың 54 проценті, ал жансақтау бөлімдерінің 45%-і бос емес.

Цойдың сөзіне қарағанда, осы уақытқа дейін 5,9 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компоненті салынды. Бұл барлық халықтың 59 проценті. Ал 4,5 миллион адам (45,2%) екпенің екінші компонентін салдыртып алған.

Жаңалықтар
0