Әлем

АҚШ пен Польша қарым-қатынасы шиеленісті ме

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуСША
США - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2021
Жазылу
Байден америкалық танымал саясаттанушы Збигнев Бжезинскийдің ұлы Марк Бжезинскийді АҚШ-тың Польшадағы елшісі етіп тағайындауды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз — Sputnik. Мұны Мәскеу ғана емес, бүкіл Шығыс Еуропа құптағанмен, Варшава дипломатты қабылдағысы келмей отыр. АҚШ пен Польша арасындағы қарым-қатынас күйреді ме? Бұл туралы РИА Новости жазды.

Ақ үйдің сайтында "Президент Джозеф Байден Марк Бжезиинскийді Польша Республикасындағы төтенше жәні өкілетті елші етіп тағайындайтыны туралы хабарлады" деген ақпарат Шығыс Еуропада дүрбелең тудырды. Енді оның кандидатурасын сенат бекітуі керек. Трамп кезінде АҚШ елшісі Джорджетт Мосбахер болатын. Ол қаңтардың соңында қызметінен кетті.

Марк – 1977-1981 жылдары президент Джимми Кратердің кезінде ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші болған Збигнев Бжезинскийдің ұлы. "Ол поляк тілінде еркін сөйлейтін және Польшадағылар оны жақсы танитын әрі құрметтейтін", - деп жазды Associated Press.

Варшава - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2020
Әлем
Польша Қазақстанмен әуе қатынасын қайта қалпына келтіретін болды

Бжезинскийді қырғи-қабақ соғыстағы Америка жеңісінің "тең авторы" деп санайды. Ол америкалықтар Ауғанстандағы моджахедтерге қолдау көрсетуін дұрыс деп санады. Кейіннен Збигнев НАТО-ны кеңейту және Ресейді тежеуді насихаттады.

Танымал саясаттанушының көзқарасын академиялық және дипломатиялық қауымдастықтың барлық өкілі бірдей қолдаған жоқ. "Украина Еуропа әлемінің бір бөлігіне айналғысы келетінін дәлелдеуі керек. Егер мұны жүзеге асырса, Ресейге осы ақиқатқа мойынсұнуға және өзі де Еуропаның бір бөлігіне айналуына тура келеді", - деді ол. Жалпы үлкен Бжезинский Украинаға өте көп мән беретіндей көрінді.

Оның ұлы да қызмет жолын Шығыс Еуропа мен Еуразиядан бастады. Кіші Бжезинскийдің дипломатиялық тәжірибесі де бар: ол президент Клинтонның әкімшілігінде Ресей мен Еуропа істері жөніндегі директор болды, кейіннен Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде Балқан жартылай түбегі жөніндегі директор болды. Барак Обаманың сайлау штабында сыртқы саясат жөніндегі кеңесші, 2011-2015 жылдар аралығында Швециядағы елші болып қызмет атқарды. 56 жастағы Марк Бжезинский мамандығы бойынша – заңгер, Кейіннен Оксфордта саясаттану бойынша білім алды, поляк және француз тілдерін меңгерген.

Бжезинскийдің Варшавамен қарым-қатынасы да ерекше. Ол Польшада Фулбрайт бағдарламасының стипендиясы бойынша білім алды, "Польшадағы конституционализм үшін күрес" атты кітап жазды. Польша Республикасының алдындағы ерен еңбегі үшін орденімен марапатталған. Бұл президенттің өз қолымен табыстайтын жоғары деңгейдегі марапат болып саналады.

Белый дом в Вашингтоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2021
Әлем
АҚШ сенаторлары Ақ үйге ультиматум қойды - саясаттанушы пікірі

Алайда бұл тығыз қарым-қатынас кері әсер етуі мүмкін. Польшаның Onet порталы хабарлағандай, Варшава Бжезинскийге агреман беруден бас тартып отыр. Себебі ол Польша азаматы ретінде тіркелген. Марктың әкесі – Збигнев Бжезинский 1928 жылы Варшавада туған. Поляк заңы бойынша оның балалары да автоматты түрде осы елдің азаматы ретінде тіркеледі. Алайда олардың ешқандай ресми құжаты жоқ. 1961 жылғы дипломатиялық қарым-қатынас туралы Вена конвенциясында дипломатиялық миссия мүшелері өздері таныстыратын елдің азаматтары болуы міндетті екені жазылған. Алайда оларды қабылдайтын мемлекет ол қызметкер өз азаматы болса да, дипломатты қабылдауға құқылы.

Бірақ поляктардың сыртқы істер министрлігі мүлде басқа көзқарасты ұстанып отыр.

"Поляк азаматы Польшада дипломатиялық миссияны атқара алмайды. Себебі салық немесе заң тұрғысынан иммунитет талап етуі мүмкін. Өз елінде елші болуға болмайтыны туралы ереже бар", - деп жазды БАҚ.

Сондықтан Марк Польша президенті Анджей Дудаға өзін азаматтықтан айыру туралы өтініш білдіруі керек. Мұндай талап Байденді де, Маркты да таң-тамаша етті. Ол өзін поляк деп санамайтынын және бұл елдің азаматы емес екенін айтты. Сондықтан Дудаға қандай да бір өтініш білдіретін сыңайы жоқ.

"Америка билігі бұл процесті нағыз масқара деп санайды. Себебі поляктар АҚШ олардың айтқанын орындай бергенін қалап отыр", - деп жазды Wyborcza газеті.

Әдетте елдер сұранысын бір айдың ішінде қарастырады. Бірақ өзара тату мемлекеттер екі аптада барлығын тындырады. АҚШ елшілеріне құжатты Варшава екі-үш күнде ұсынған кездер де болған. Кандидатураны мақұлдамай және рәсімнің ұзаққа созылуы әдетте қарым-қатынастың нашарлағанын білдіреді. Сондықтан мұнда гәп Бжезинскийдің азаматтығында емес, поляк билігінің Вашингтон әкімшілігімен қарым-қатынасында болуы мүмкін.

Варшава мен Вашингтон одақтас болғанымен, олардың бір-біріне деген наразылығы да аз емес. Мысалы, Анджей Дуда Джозеф Байденді президент боп сайлануымен Германия, Британия, Франция секілді 7 қарашада емес, ресми нәтиже анықталғаннан кейін, яғни желтоқсанның соңында құттықтады. Сонымен қатар Варшава "Солтүстік ағын – 2" жобасын аяқтауға рұқсат бергені үшін Вашингтонды сынға алды. Ал жаңа әкімшілік Польшаны өз азаматтарының демократиялық еркіндігіне қысым көрсетіп отыр деп айыптауда.

Көпшілігі Марк Бжезинский өз әкесі секілді русофобиялық саясат ұстанады деп қауіптенуде. Оның ағасы Ян АҚШ Ресейге қатысты тым жұмсақ жазалау шараларын қолданып отыр деген пікір білдірді.

Джо Байден - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2021
Әлем
АҚШ бәсекелестікті күшейтуге кірісті

Бжезинскийдің Польшадағы америкалық елші қызметіне тағайындалуын Варшава мен Мәскеу қарым-қатынасы тұрғысынан қарастырмаған абзал. Ресей ғылым академиясы Әлем экономикасы және халықаралық қатынастар институтының аға ғылыми қызметкері Дмитрий Офицеров-Бельский елші қызметі маңызды лауазым болғанымен, халықаралық саясатта айтарлықтай рөл ойнамайтынын айтты.

"Қазіргі уақытта өзара әрекеттестік арнасы өте көп. Бір ғана елшілікпен шектеліп отырған жоқ. АҚШ-тың Польшадағы дипломатиялық миссиясының басшысы аса маңызды қызмет атқарады деп ойламаймын", - деп сенім білдірді Дмитрий Офицеров-Бельский.

Оның пікірінше, Варшава мен Вашингтон қарым-қатынасы әлі де бұрынғыдай тамаша. Елдердің арасында стратегиялық өзара әрекеттестік қалыптасқан. Ұлыбритания Еуроодақтан шыққаннан кейін Польша АҚШ-тың сенімді одақтасына айналды.

Жаңалықтар
0