Қоғам

Қазақстанда шілдеде ауа райына қатысты рекорд жаңарды

© Sputnik / Евгения Новоженина / Медиабанкке өтуСухой фонтан, архивное фото
Сухой фонтан, архивное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2021
Жазылу
Шілденің соңында барлық аумақта ауа температурасы +34...+44°С дейін көтерілді. Түркістанда 25 шілдеде +44,1°С болды

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстанда 2021 жылдың шілдесі ыстықтан рекорд орнатты, деп хабарлады Қазгидромет.

Шілдеде ыстықтың екі қарқынды толқынынан кейін жаңа температуралық рекорд тіркелді. Айдың алғашқы он күнінде күндіз ауа температурасы +35...+47°C көрсетті. Мысалы 7 шілдеде Қызылорда метеорологиялық станциясында ең жоғары ауа температурасы +46,5°С тіркелді. Осылайша 1975 жылғы рекордтан асып түсті, ол кезде 20 шілдеде ауа температурасы +46,0°С көрсеткен.

Жылы ауа райының тағы бір толқыны айдың үшінші онкүндігінің бірінші жартысында болды. Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы +34...+44°С дейін көтерілді. Түркістанда 25 шілдеде +44,1°С болды, бұл көрсеткіш 2017 жылы +42,5°С болып енген рекордты жаңартты.

Сондай-ақ шілде ішінде Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында екінші онкүндіктің ортасында және айдың соңында ең төмен ауа температурасы тіркеліп, рекорд жаңарды. Мысалы Солтүстік Қазақстан облысы Рузаевка метеорологиялық станциясында 29 шілдеде түнде ауа температурасы +5,3°С болды. 2020 жылы төмен ауа температурасы +7,7°С болған еді.

Сонымен қатар шілдеде температура рекордынан бөлек қатты жел, дауыл, бұршақ және найзағай, қатты жаңбыр сияқты қолайсыз ауа райы құбылыстары болды.

Бір ай ішінде республика бойынша 15-28 м/с екпінді жел, Алматы облысының Достық, Есік, Үштөбе аудандарындағы метеорологиялық станцияда 30-37 м/с дейін жел тіркелді.

7-8 шілдеде Ақтөбе метеорологиялық станциясында 54,7 мм жаңбыр жауды, ал Алматы облысы Үштөбе метеорологиялық станциясында диаметрі 20 мм бұршақ түсті.

Павлодар облысы Ақжол метеорологиялық станциясында желдің жылдамдығы 36 м/с, ұзақтығы 6 минут болатын дауыл тіркелді.

Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылы ең жоғары ауа температурасы 4 шілдеде тіркелді: термометрлер +37,8°С жетті. Осылайша 1997 жылы орнатылған рекорд жаңарды. Ол кезде ауа температурасы +37,5°С көрсеткен.

Жаңалықтар
0