Әлем

Ресей мен Қытай бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізіп жатыр

© Sputnik / Aleksei Mayshev / Медиабанкке өтуСу - 30 ұшақтары, архив сурет
Су - 30 ұшақтары, архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2021
Жазылу
Бұл Ресей мен Қытай бірлескен әскери тобының мүмкіндігін шығыс және батыс бағыттарда сынап көруге негіз болды

Қытай Халық Республикасының аумағында жүріп жатқан "Батыс/Өзара әрекеттестік-2021" Ресей-Қытай оқу-жаттығулары Ауғанстанмен шекаралас Орталық Азиядағы полигондарда Ресей әскери-ғарыш күштерінің оқу-жаттығу авиасоққыларымен үйлестірілген. Сонымен қатар бұл жаттығулар ресей-қытай әскери-саяси одағын қалыптастырудың жалғасы іспеттес. 

Көп жылдан бері жалғасып келе жатқан Ресей мен ҚХР бірлескен әскери маневрлері осы аптада стратегиялық сипатқа ауысты. Екі елдің 13 мыңға жуық әскери қызметкері мен 500 әскери техникасы 9-13 тамыз аралығында Нинся-Хуэйск автономды ауданында "Цинтунся" полигонындағы оқу-жаттығуға жұмылдырылды. Ресей атынан жедел-тактикалық авиация жасағы, мотоатқыштар құрылымының жеке құрамы және басқару аппараты қатысып отыр. Ал Қытай оқу-жаттығуларға әскери-әуе күштері мен құрлықтағы әскерді тартты.

"Батыс/Өзара әрекеттестік-2021" оқу-жаттығуы ресейлік әскерилер мен қытай нұсқаушыларының қатысуымен Қытайдың халық-азаматтық армиясының дөңгелекті танктері мен басып кіруге арналған броньдалған машиналардың штатындағы қаруынан оқ атуымен басталды. "Цинтунся" полигонында ресейлік мотоатқыштар бөлімшелері генерал-лейтенант Михаил Носулевтың қолбасшылық етуімен қарсыластың артиллериялық қаруы мен броньді нысандары ретінде қарастырылған орындарға соққы жасады.

Ресейлік бөлімшелер сондай-ақ тікұшақ арқылы бірлескен десанттау әрекеттеріне де қатысты. Жаттығу барысында штатты қраумен қаруланған әскерилер бейтаныс ауданда ұшу және қону әркеттерін орындады. Кесіп өткен аумақта берілген тапсырманы ұзақ километрге созылған қашықтықты жүріп өтіп, барлау және бақылау құралдары, қол пулеметтері, снайперлік винвтовка және АК-12 автоматтарының көмегімен орындады.

Екі елдің көпмақсатты жойғыш ұшақтары құрамындағы авиациялық эскадрилья Иньчуань аэродроммынан ұшып шығып, жердегі нысандарға бомба тастады және әуедегі шабуылға қарсы күрес жүйелерінің қоршауынан дер кезінде сытылып шығуға тырысты. Ресейлік Су-30СМ және қытай жойғыш ұшақтары Дзянь-11 мен Дзянь-7 пилоттары барлық уақытта өзара әрекеттесіп отырды.

"Батыс/Өзара әрекеттестік-2021" оқу-жаттығуларының сценариі үшінші елге қарсы бағытталмаған. Әйтсе де маневрлар орны ретінде Қытай аумағындағы полигонның таңдалуы да тектен-тек емес. Бұл Ресей мен Қытайдың "Цинтунся" полигонындағы бірлескен әскери тобының мүмкіндігін шығыс және батыс бағыттарда сынап көруге негіз болды.

Оқи отырыңыз: АҚШ-тың гипердыбысты зымыраны тағы да сынақтан өте алмады

Ресей мен Қытайдың жойғыш ұшақтар авиациясы орналасқан Иньчуань аэродромы Кабул мен Токиодан бірдей, шамамен 3 000 километр қашықтықта орналасқан. Бұл Су-30СМ ұшағының қосымша жанармай құюсыз ұшу қашықтығымен сәйкес келеді.

Ресей Қытайдағы оқу-жаттығуларға 4++ буынына жататын Су-30СМ жойғыш ұшақтарын аттандырды және бұл екі ел қарулы күштеріндегі барлық техниканың өзара ықпалдастығы мен үйлесімділігін білдіріп тұр. Бірлескен әскери-теңіз және құрлықтағы оқу-жаттығулар бірнеше рет өткен болатын. 

Су-30СМ көпмақсатты жойғыш ұшағы басқарылатын тартылыс векторы бар қозғалтқышпен жабдықталған. Бортына орналастырылған радиолокациялық жүйе 140 километр қашықтықтағы қарсылас ұшағын анықтауға мүмкіндік береді. Ал Қытайдың Дзянь-11 (J-11D) жойғыш ұшағы ресейлік Су-35С-тің эквиваленті болып саналады. Ол аспанға салмағы шамамен 15 тонна болатын арсеналды көтере алады.

Аймақтық (Ауғанстандағы соғыс) және әлемдік (НАТО-ның 2030 жылға дейін Ресей мен Қытай елдерін басты әскери қарсылас деп тануы) деңгейдегі ортақ қауіп жағдайында екі ел қарулы күштерінің стратегиялық интеграциясы мақсатқа сай қабылданған шара болып отыр. Сол себепті "Цинтунся" полигонындағы маневрлердің маңызы жоғары.

Американский эсминец Джон Маккейн, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2021
Large Scale Exercise 2021: АҚШ ірі әскери оқу-жаттығу өткізіп жатыр
Ауғанстан шекарасынан 20 километр қашықтықта орналасқан Харб-Майдон полигонындағы синхронды оқу-жаттығулар да назарсыз қалған жоқ. Мұнда Ресейге қарасты Орталық әскери округтің 10 ұшағы мен тікұшағы Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстанның құрлықтағы әскерінің бірлескен операцияларына қолдау көрсетуде. Сонымен қатар Термез полигонында "Оңтүстік-2021" Ресей-Өзбекстан оқу-жаттығулары да жақында аяқталды. Мұнда ресейлік бомбалаушы зымыран тасымалдағыш ұшақтар ауған шекарасында қарсыластың көзін шартты түрде жойды.

Ауғанстанда болып жатқан әскери қақтығыстар Орталық Азиядағы бірлескен оқу-жаттығулардың өзектілігін айқындай түсті. Тәлібтер елдегі шекара мен көлік магистральдерін бақылау стратегиясынан әкімшілік орталықтарды басып алу әрекетіне көшті.

Демалыс күндері содырлар Кундуз, Сари-Пуль, Джаузджан және Иранмен шекарадағы Нимроз провинцияларының астанасын басып алды. Бұл билікті басып алған террористердің әрекетіне қарсы мыңдаған ауған босқындарының Орталық Азия елдеріне ағылу қаупін төндіріп тұр. Тәлібтер Кабулды өз уысына түсіргеннен кейін ауған саясаткерлерін өлтіретінін уәде еткен. Олар қалаларды басып алып қана қоймай, оппоненттерінің көзін жойып жатыр.

"Талибанның"* Тәжікстан мен Қытай шекарасындағы Бадахшан провинциясындағы белсенділігі Бейжіңді ауғандарға қатысты саясатын қатаңдатуға мәжбүрлеп отыр. Ал Пентагон В-52 бомбалаушы ұшақтарымен тәлібтерге қырғидай тиюін жалғастыруда. Сондықтан 2020 жылдың ақпанында АҚШ-пен келісімге келген тәлібтердің қазіргі ашуын түсінуге болады.

"Талибан"* – Қазақстан, Ресей және басқа да бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.

Жаңалықтар
0