Қоғам

Республикалық "Елім-ай" сыйлығына құжат қабылдау басталды

© Photo : PixabayОлень в лесу в Швеции
Олень в лесу в Швеции - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2021
Жазылу
Қоршаған ортаны қорғауға қатысты республикалық байқауға құжат қабылдау басталды

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Қыркүйекте қоршаған ортаны қорғау саласындағы "Елім-ай" ІІ республикалық сыйлығы табысталады, деп хабарлады экология министрлігінің баспасөз қызметі.

Байқау 10 тамызда басталды. Бір ай ішінде экология және биоалуантүрлілікті қорғау саласындағы заңды және жеке тұлғалар өз номинанттарын әртүрлі санат бойынша ұсына алады.

Сыйлық қоршаған ортаны қорғауға елеулі үлес қосқан заңды және жеке тұлғаларға табиғатты ұтымды пайдаланғаны, табиғатты қорғау мақсатындағы ғылыми қызметі үшін беріледі.

Байқау жеңімпаздары төмендегідей номинациялар бойынша марапатталады:

  • Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі үздік инспектор;
  • Үздік орманшы;
  • Үздік балық өсіруші;
  • Ең жақсы панажай;
  • Үздік ұлттық парк;
  • Үздік қорық;
  • Үздік волонтер;
  • Табиғатты қорғау туралы үздік журналистік материал;
  • Жануарларға арналған ең жақсы баспана;
  • Жасыл қала.

Арнайы құрылған комиссия ұсынылған құжаттарды қарайды және үміткерлерді іріктейді. Байқау нәтижесі 2021 жылдың 19 қыркүйегінде Халықаралық орман қызметкерлері күні жарияланады.

Лауреаттарға "Елім-ай" сыйлығының мүсіншесі, диплом және бағалы сыйлық беріледі.

Айта кетері, "Елім-ай" сыйлығын "Республика-Өңір-Даму" қоғамдық қоры тағайындаған.  Байқау 2020 жылдан бастап экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен өткізіледі.

Жаңалықтар
0