Өңірлер

Батыс Қазақстанда анасын өлтірген күдікті ұсталды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуМужчина держится за голову
Мужчина держится за голову - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2021
Жазылу
Полиция күдікті ұсталғанын хабарлады. Тәртіп сақшылары толық ақпаратты тергеу аяқталғаннан кейін ұсынады

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз — Sputnik. Батыс Қазақстан облысының тұрғыны 61 жастағы анасын өлтірді деген күдікке ілінді.

Полиция мәліметі бойынша, тәртіп сақшылары әйелдің мәйітін тапқаннан кейін ер адамды ізін суытпай қолға түсірген, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

"Іздеу шараларына барлық жеке құрам жұмылдырылды. Мерт болған әйелдің 35 жастағы ұлы күдікке ілінді. Ол жалған ақпарат арқылы тергеуге кедергі келтіруге тырысты. Күдікті мен анасының арасында дау шығып, ер адам әйелді кеуде тұсынан ұрғаны анықталды. Әйел  алған дене жарақатынан көз жұмды", - деді Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басшысы Махсудхан Әбіләзімов.

Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі ("Адам денсаулығына қасақана зиян келтірудің өлімге әкеп соғуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап сегізден он екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Полиция толық ақпаратты тергеу аяқталғаннан кейін ұсынады.

Жаңалықтар
0