Әлем

Аралға демалуға барған Англия тұрғыны сол жақта 1,5 жылды өткізуге мәжбүр болды

© REUTERS / Dimitris RapakousisМужчина ныряет на пляже Агиос Никитас после смягчения мер по борьбе с распространением коронавируса на острове Лефкас, Греция
Мужчина ныряет на пляже Агиос Никитас после смягчения мер по борьбе с распространением коронавируса на острове Лефкас, Греция - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2021
Жазылу
Бір жарым жылдың ішінде бойжеткен жұмысынан айырылып қалған. Дегенмен ол уақытты бос өткізбей, қашықтан оқуды қолға алған

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз — Sputnik. Ұлыбританияның 27 жастағы тұрғыны Зои Стивенс аптаның демалыс күндерін Тонга аралдарында өткізбек болған. Алайда екі күндік демалыстан кейін ол аралдан кете алмай, сол жақта бір жарым жылға қалып қойған.

Бұл оқиға барлық елде шұғыл түрде шектеулер енгізіліп, шекара жабылып жатқан 2020 жылдың наурызында болған, деп жазды Liverpool Echo. Зои Ұлыбританияға қайта алмаған соң, оның демалысы тым ұзаққа созылған.

Осы уақыт аралығында оның өмірі күрт өзгерген. Ол циклон кезінде барлық қажетті затын жоғалтып алған. Сонымен қатар қашықтан істеу режиміне ауыстыруға келмейтін жұмысынан өз еркімен шығуға тура келген.

Бірақ Зои Стивенс уақытты бос өткізбей, білімге зейін қойып, қашықтан оқу арқылы магистр дәрежесін алған.

Зои осы уақыттың барлығын тиімді өткізуге тырысқанын айтты. Ол дұрыс тамақтану әдетін насихаттау мақсатында қайырымдылық марафонын, Тогна жануарларына көмек ретінде қаражат жинау шараларын ұйымдастырған.

"Тонга аралындағы адамдардың басым бөлігі қант диабетінің екінші түріне шалдыққан. Сондай-ақ бүкіл елде білікті ветеринар жоқ. Сондықтан мен осы проблемаларды шешудің жолын қарастыруға тырыстым", - деп түсіндірді Стивенс.

Тонга корольдігі – Полинезияда орналасқан мемлекет. Ол осы архипелагтағы 177 аралды қамтиды. Пандемия басталған шақта билік шекараны жауып, қатаң карантин енгізуіне байланысты бұл аралда ұзақ уақыт бойы коронавирус тіркелген жоқ.

Жаңалықтар
0