Оқиға

Air Astana ұшағы Алматы әуежайына қайта қонуға мәжбүр болды

© Photo : PixabayҰшақ қанаты. Архив сурет
Ұшақ қанаты. Архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2021
Жазылу
Алматы-Тбилиси бағытында ұшқан әуе кемесі көп ұзамай найзағай түсуі мүмкін деген себеппен әуежайға оралды

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Алматы әуежайынан Тбилисиге ұшқан Air Astana ұшағы қайта қонуға мәжбүр болды, деп хабарлады әуе компаниясы.

Алматы–Тбилиси бағыты бойынша KC139 рейсі 9 тамызда кешке аттануға тиіс болған. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 20.30-да ұшты, алайда көп ұзамай найзағай түсуі мүмкін деген себеппен әуежайға оралды.

"Ұшақ штаттық режимде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Бортты ауыстырғаннан кейін жолаушылар белгіленген пунктке сағат 00.40-та ұшып кетті", - делінген Air Astana хабарламасында.

Әуе компаниясы ұшақтың толық тексерілгенін, одан найзағай ізі анықталмағанын айтты. Ұшақ қайта қолданысқа берілді.

Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушысы әуеге көтерілген ұшақ 40 минуттан кейін Алматы әуежайына қайта оралғанын жазды.

Ол Telegram каналға берген сұхбатында соққының дауысы естіліп, ұшақ теңселе бастағанын айтты. Оның сөзінше, найзағай ұшақтың қанатына тиген.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ұшақ жолаушыларының салмағы өлшене бастады

Жаңалықтар
0