Аңдатпа

Қазақстанда 11 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневМост через реку Ишим с правобережья на Левый берег столицы
Мост через реку Ишим с правобережья на Левый берег столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 11-12 тамызда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

11 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

09:00 - Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібіндегі мәселелер: елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, 2021 жылдың қаңтар-шілдесі аралығындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің орындалуы, жаңа оқу жылына дайындық барысы. Отырыстың трансляциясын PrimeMinister.kz сайтынан және әлеуметтік желілерден көруге болады.

16.30 - Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өтеді. Тақырыбы - қазіргі эпидемиологиялық жағдай. Спикерлер: ҚР ДСМ Стационарлық және стационарлық-алмастырушы медициналық көмек басқармасының бас сарапшысы Айма Сағындыкова; ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева; ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Марал Рахымжанова; Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов; Нұр-Сұлтан қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова. Трансляция сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkzhttps://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

АЛМАТЫ

12.00 - "Волк и семеро козлят" спектаклі (Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.00 - "Spike heels" спектаклі ("Өркен" театр-студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі, 38).

18.30 - "Другая Дюймовочка" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

12 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

АЛМАТЫ

12.00 – "Три поросенка" спектаклі (Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

14.00 – "Қасқыр мен жеті лақ" спектаклі (Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.30 – "Көңілдес әйел" спектаклі ("Өркен" театр-студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі, 38)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0