Қоғам

Қазақстанда 10 тамыздан вакцина алмаған қызметкерлерді анықтау науқаны басталды

© Sputnik / Тимур Батыршин Вакцинация в ТРК Mega Center Alma-Ata
 Вакцинация в ТРК Mega Center Alma-Ata - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2021
Жазылу
Қазақстанның миллиондаған тұрғыны жұмысын одан әрі жалғастыру үшін 10 тамызға дейін вакцинаның жоқ дегенде бірінші компонентін салғызу керек еді. Вакцина салғызбай жұмысқа шыққандарды не күтіп тұрғанын Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз

10 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдыру бойынша азаматтарды жұмыс орындарында ішінара тексеру басталады.

Кімге екпе салмауға болады 

Медицина тұрғысынан дәлелді себебі бар азаматтар мен үш ай бұрын коронавируспен ауырғандар екпе салғызбайды.

Екпенің орнына ПТР-тест ұсынуға бола ма

Екпе салдырмаған қызметкерлер әр апта сайын ПТР-тест тапсыруы қажет (вакцина алуға медициналық тұрғыдан дәлелді себебі бар және соңғы үш ай ішінде коронавируспен ауырғандарды есепке алмағанда).

Қызметкер екпе салғызбаса, кімді жазалайды

Жұмыс берушіге айыппұл салынады. Екпе салғызбаған қызметкерге айыппұл салынбайды.

Вакциналаудан бас тартқаны үшін айыппұл көлемі қандай

  • Жеке тұлғалар мен жалғыз жұмыс істейтін жеке кәсіпкерге – 5 АЕК (14 585 теңге);
  • Лауазымды тұлғаларға – 15 АЕК (43 755);
  • Шағын кәсіпкерлік немесе комерциялық емес ұйымдар субъектілеріне –   100 АЕК (291 700);
  • Орта кәсіпкерлік субъектілеріне –   200 АЕК (583 400);
  • Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне –   500 АЕК (1458 500).

Қызметкерлерге айыппұл салмайтынын тағы еске салайық. Алайда ол азамат өзі құрған жеке кәсіпкерлікте жалғыз қызметкер болса, онда жұмыс орнына екпе салдырмай келгені үшін оған жеке тұлға ретінде 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Лауазымды тұлғаларға 15 АЕК, шағын бизнес субъектілері және коммерцциялық емес ұйымдарға 100 АЕК, орта бизнеске 200 АЕК, ірі бизнеске 500 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

Вакцинаның екінші компонентін қашан салғызу керек

2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін.

10 тамызға дейін кімдер вакцина алу керек

Вакцина салғызбаған жағдайда (тіпті бірінші компонентін де салғызбағандар) 10 тамыздан бастап мына саладағы қызметкерлер үшін жұмыс істеуге шектеу енгізіледі:

- халыққа қызмет көрсету нысандары, оның ішіне мыналар кіреді:

  • халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), "Қазпошта" АҚ бөлімшелері,
  • екінші деңгейлі банктер, қаржы нарығының нысандары, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар,
  • сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, киім жуу орындары,
  • фитнес орталықтары, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар,
  • типографиялық қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқ киім, киім жөндеу, кеңсе техникасын жөндеу сервисі,
  • нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызмет көрсету бойынша нысандар, өзге де нысандар;

- халық тұтынатын өнімдер мен тауарлардың көтерме және бөлшек сауда (сақтау) нысандары, оның ішінде базарлар, сауда үйлері, сауда желілері, сауда және ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер;

- мәдениет және демалыс нысандары: музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары;

- халық тұратын қызмет көрсету саласындағы нысандар: қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалары;

- жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдар, әуежайлар, теміржол, көлік және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері;

- білім беру және тәрбиелеу ұйымдары, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтары (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдар;

- санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы нысандар (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);

- қоғамдық тамақтану нысандары, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын нысандар, стрит-фудтар;

- барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік нысандар (қарттар, мүгедектер үйі, сәбилер үйі және басқалары);

- денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде зертханалар;

- дәріхана ұйымдары;

- тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық нысандары (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және МИБ және басқалары);

- экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар;

- демалыс нысандарының, ойын-сауық ойын нысандары: компьютер клубтары, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар;

- байланыс және телекоммуникация нысандары.

Міндетті вакциналау туралы бас санитар дәрігердің қаулысының толық мәтінін мына жерден оқи аласыздар. 

Жаңалықтар
0