НҰР -СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Токио Олимпиадасында қола медаль алған қазақстандық спортшыларға алғысын білдірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Жеңістеріңіз үшін көп рахмет, бауырлар! Елдің намысы үшін тырысып, еңбекпен әкелген қола жүлделеріңіз мен үшін алтыннан кем емес! Алла қаласа бұдан да үлкен шыңдарды бағындыруды нәсіп етсін!", - деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.
Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына сегіз қола медаль түсті. Оларды дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло, боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, еркін күрес балуаны Нұрислам Санаев және каратешілер Дархан Асаділов пен Софья Берульцева жеңіп алды.