Өңірлер

Қалыңдық тойдан қаша жөнелді – Павлодарда түсірілген видео тарап кетті

© Pixabay/congerdesignЖених и невеста в кедах
Жених и невеста в кедах - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Жыл басынан бері Павлодарда мониторингтік топтар санитарлық талап бұзудың 146 фактісін анықтап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Павлодар қаласында тексерушілер тойдың үстінен түсті. Қонақтармен бірге қалыңдық пен күйеужігіт те қашып бара жатқан видео тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, өткен демалыс күндері Павлодарда бас санитарлық дәрігер қаулысын бұзудың 11 фактісі анықталды. Адамдар шектеу шараларына қарамастан, той-домалақ өткізген.

"6 тамыз күні кешкі сағат 20.00-де Хайдаров көшесіндегі тойханада мониторингтік топ үйлену тойын өткізу фактісін анықтады. Ол жерде 30-ға жуық қонақ болды. Ал тексерушілерді көрген қалыңдық пен күйеужігіт айыппұлдан қорқып, қонақтармен бірге қаша жөнелді", - дейді полицелер.

Мониторингтік топ түсірген видеода қалыңдықтың ақ көйлегін көтеріп алып, қашып бара жатқаны көрінеді. Алайда қара костюм киген жігіт екеуі алысқа ұзай алмады. Олар басқа адамдармен бірге полиция бөліміне жеткізген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

"Аталған факт бойынша барлық материалдар жиналып, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды. Осы бапқа сәйкес үйлену тойының әрбір қонағына 30 АЕК (87 510 теңге) мөлшерінде, сондай – ақ, мекеме иесіне 230 АЕК (670 910 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді" – деп атап көрсетті полиция қызметінің бастығы Арман Каптаев.

Айта кетері, жыл басынан бері Павлодарда мониторингтік топтар санитарлық талап бұзудың 146 фактісін анықтады.

Жаңалықтар
0