НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз — Sputnik. Әлемдегі ең кішкентай сәби ауруханадан шығарылды. Ол 13 ай бойы дәрігерлер бақылауында болған, деп хабарлайды УНН BBС-ге сілтеме жасап.
'Smallest baby at birth' home after 13 months in hospital https://t.co/pXdxKyxSDT
— BBC News (World) (@BBCWorld) August 9, 2021
Квек Ю Сюань мерзімінен төрт ай бұрын туды. Салмағы небәрі 212 грамм, алманың салмағындай ғана болады. Бойы - 24 сантиметр.
Қыздың анасына "преэклампсия" диагнозы қойылды. Қауіпті жоғары қысым салдарынан ана мен бала органдарына зақым келуі мүмкін. Сондықтан әйелге жүктілігінің 25-ші аптасында шұғыл түрде кесар тілігі жасалды. Ал жүктіліктің орташа мерзімі 30 апта шамасында болуы керек.
Сингапур ауруханасында бір жыл бойы емделуге 270 мың доллар жұмсалды. Қаражатты қайырымдылық ұйымы жинап берген.
Қазір оның салмағы 6,3 келіге жетті. Ю Сюаньде созылмалы өкпе сырқаты бар. Алайда дәрігерлер біртіндеп жағдайы жақсарады деп отыр.