Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Токио Олимпиадасында ел намысын қорғаған спортшылар – фото

Жазылу
Күні кеше Токиодағы Олимпиада ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы үшін бұл Олимпиаданы сәтті деп атау қиын

Тәуелсіздік жылдары ішінде ел құрамасы жеті қысқы және жеті жазғы Олимпиада ойындарына қатысты. Осы уақыт аралығында Олимпиада қоржыны 69 "жазғы" және 8 "қысқы" медальмен толықты. Оның ішінде он алты жүлде – алтын.

Егер жазғы Олимпиада жайлы айтсақ, биылға дейін Қазақстан құрамасы алтынсыз қайтқан емес. Олимпиаданың жеті алтын медалін боксшылар алды. Сондықтан былғары қолғап шеберлеріне үлкен үміт артылған еді. Алайда қазақстандық боксшылар осы жолы елге екі қола жүлдемен оралды.

Жеңіл және ауыр атлетика, веложарыс, бессайыс, жүзу және күрес - қазақстандықтар әр жылдары алтын медаль алған спорт түрі.

Тхеквондо, дзюдо мен атыс ел құрамасының қоржынын күміс және қола жүлдемен толықтыратын.

Биыл Олимпиадаға елден 97 спортшы аттанғанын атап өту керек (1996 жылы Атлантадағы стадионда 96 отандасымыз жүріп өткен болатын).

© REUTERS / KAI PFAFFENBACHҚазақстан құрамасы Токио Олимпиадасының ашылу салтанатында. Үкілеген үміт зор еді...
Қазақстан құрамасы  - Sputnik Қазақстан
1/23
Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасының ашылу салтанатында. Үкілеген үміт зор еді...
© REUTERS / LINDSEY WASSONӘлия Юсуповадан тәлім алған қазақстандық гимнастшы Алина Әділханова финалға өте алмады. Алайда он тоғыз жастағы гимнаст қыздың алар асуы әлі алда деп сенейік.
 Алина Әділханова - Sputnik Қазақстан
2/23
Әлия Юсуповадан тәлім алған қазақстандық гимнастшы Алина Әділханова финалға өте алмады. Алайда он тоғыз жастағы гимнаст қыздың алар асуы әлі алда деп сенейік.
© AFP 2024 / UESLEI MARCELINO24 жастағы бокстан спорт шебері, қола жүлдені иеленген Сәкен Бибосынов жартылай финалдағы жеңілістен кейін көз жасына ерік берді. Жас спортшы Олимпиададағы жеңісін қазақстандықтар мен Айлин есімді жиен қарындасына арнады.
Сәкен Бибосынов  - Sputnik Қазақстан
3/23
24 жастағы бокстан спорт шебері, қола жүлдені иеленген Сәкен Бибосынов жартылай финалдағы жеңілістен кейін көз жасына ерік берді. Жас спортшы Олимпиададағы жеңісін қазақстандықтар мен Айлин есімді жиен қарындасына арнады.
© AFP 2024 / FRANCOIS-XAVIER MARITАпалы-сіңлілі Александра мен Екатерина Немич үшін бұл екінші Олимпиада. 2016 жылы Риодағы нәтижемен салыстырғанда олар бес ұпайға жоғарылады. Әйтсе де бұл көрсеткіш Немичтерге жалпы біліктілік бойынша 16-ші орынға ғана жайғасуға мүмкіндік берді.
Апалы-сіңілілі Александра мен Екатерина Немич  - Sputnik Қазақстан
4/23
Апалы-сіңлілі Александра мен Екатерина Немич үшін бұл екінші Олимпиада. 2016 жылы Риодағы нәтижемен салыстырғанда олар бес ұпайға жоғарылады. Әйтсе де бұл көрсеткіш Немичтерге жалпы біліктілік бойынша 16-ші орынға ғана жайғасуға мүмкіндік берді.
© REUTERS / EDGARD GARRIDOЛондонда жарыстан шеттетілген және Риодағы Олимпиадаға қатыса алмаған ауыр атлет Зульфия Чиншанло Токиода қола медаль алды. 28 жастағы спортшының Олимпиададағы екі жаттығу бойынша үш нәтижесін есепке алмай, рекордтан айырды.
тЗульфия Чиншанло  - Sputnik Қазақстан
5/23
Лондонда жарыстан шеттетілген және Риодағы Олимпиадаға қатыса алмаған ауыр атлет Зульфия Чиншанло Токиода қола медаль алды. 28 жастағы спортшының Олимпиададағы екі жаттығу бойынша үш нәтижесін есепке алмай, рекордтан айырды.
© AP Photo / Vincent Thian33 жастағы каратеші Дархан Асәділов Олимпиада бағдарламасына карате енгізілгеннен кейін өз қоржынын бірден қола медальмен толықтырды.
 Дархан Асәділов  - Sputnik Қазақстан
6/23
33 жастағы каратеші Дархан Асәділов Олимпиада бағдарламасына карате енгізілгеннен кейін өз қоржынын бірден қола медальмен толықтырды.
© AP Photo / Frank Franklin II2019 жылы әлем чемпионы атағын иеленген Бекзад Нұрдәулетов Қазақстанға бірнеше чемпион сыйлаған салмақ дәрежесі бойынша Олимпиаданың жартылай финалына өте алмады. Алайда 23 жастағы спортшы Олимпиадаға бірінші рет қатысып отыр. Ол Қазақстанға әлі де алтын әкеледі деп сенейік.
Бекзад Нұрдәулетов - Sputnik Қазақстан
7/23
2019 жылы әлем чемпионы атағын иеленген Бекзад Нұрдәулетов Қазақстанға бірнеше чемпион сыйлаған салмақ дәрежесі бойынша Олимпиаданың жартылай финалына өте алмады. Алайда 23 жастағы спортшы Олимпиадаға бірінші рет қатысып отыр. Ол Қазақстанға әлі де алтын әкеледі деп сенейік.
© AP Photo / Martin Meissner2016 жылы Риода үздік нәтиже көрсеткен 26 жастағы Дмитрий Баландин Олимпиадаға екі жолдама алса да жеңіс тұғырынан көріне алмады.
Дмитрий Баландин  - Sputnik Қазақстан
8/23
2016 жылы Риода үздік нәтиже көрсеткен 26 жастағы Дмитрий Баландин Олимпиадаға екі жолдама алса да жеңіс тұғырынан көріне алмады.
© REUTERS / PIROSCHKA VAN DE WOUWЕркін күрестен Нұрислам Санаев қола медаль алды. Алайда оның жекпе-жек кезінде қарсыласының құлағын тістеп алғаны мәлім болып, мәселені халықаралық федерация қарады. Дегенмен атлетке қатысты жаза қолданбау туралы шешім шығарылды.
Нұрислам Санаев  - Sputnik Қазақстан
9/23
Еркін күрестен Нұрислам Санаев қола медаль алды. Алайда оның жекпе-жек кезінде қарсыласының құлағын тістеп алғаны мәлім болып, мәселені халықаралық федерация қарады. Дегенмен атлетке қатысты жаза қолданбау туралы шешім шығарылды.
© REUTERS / @AUO2Финалға өте алмағанымен 25 жастағы Ришат Хайруллин үшін Олимпиадада шыңға шығу бойынша жарысқа қатысудың өзі үлкен жетістік болды.
 Ришат Хайруллин   - Sputnik Қазақстан
10/23
Финалға өте алмағанымен 25 жастағы Ришат Хайруллин үшін Олимпиадада шыңға шығу бойынша жарысқа қатысудың өзі үлкен жетістік болды.
© REUTERS / UESLEI MARCELINOШирек финалда жеңіліп қалған Закир Сафиуллин ринг тіректерінің бірін теуіп жіберді. Алғаш рет Олимпиадаға жолдама алған 34 жастағы боксшы сезімге ерік берді. 1994 жылы шаршы алаңға шыққан боксшы Токиоға дейін Олимпиадаға қатысқан емес.
Закир Сафиуллин - Sputnik Қазақстан
11/23
Ширек финалда жеңіліп қалған Закир Сафиуллин ринг тіректерінің бірін теуіп жіберді. Алғаш рет Олимпиадаға жолдама алған 34 жастағы боксшы сезімге ерік берді. 1994 жылы шаршы алаңға шыққан боксшы Токиоға дейін Олимпиадаға қатысқан емес.
© AP Photo / Christophe EnaҚазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, 28 жастағы "Астана" веложарысшысы Алексей Луценко өз кумирі Александр Винокуровтың нәтижесін қайталай алмады.
 Алексей Луценко  - Sputnik Қазақстан
12/23
Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, 28 жастағы "Астана" веложарысшысы Алексей Луценко өз кумирі Александр Винокуровтың нәтижесін қайталай алмады.
© AP Photo / Vincent Thian28 жастағы дзюдошы Елдос Сметов Токио Олимпиадасындағы Қазақстанның алғашқы медалін иеленді. Спортшы осымен екінші рет Олимпиадаға қатысып отыр. Риодағы жарыста ол күміс жүлде алған болатын.
дзюдошы Елдос Сметов  - Sputnik Қазақстан
13/23
28 жастағы дзюдошы Елдос Сметов Токио Олимпиадасындағы Қазақстанның алғашқы медалін иеленді. Спортшы осымен екінші рет Олимпиадаға қатысып отыр. Риодағы жарыста ол күміс жүлде алған болатын.
© AFP 2024 / THEMBA HADEBEҚазақстан құрамасының туын ұстаған 29 жастағы ауыр салмақтағы боксшы Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда қарсыласына есе жіберіп, Токио Олимпиадасынан қола жүлдемен оралды. Азия мен әлем чемпионаттарында жүлделі орын иеленіп жүрген спортшы өз карьерасында алғаш рет Олимпиадаға жолдамаға алған болатын.
Қамшыбек Қоңқабаев - Sputnik Қазақстан
14/23
Қазақстан құрамасының туын ұстаған 29 жастағы ауыр салмақтағы боксшы Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда қарсыласына есе жіберіп, Токио Олимпиадасынан қола жүлдемен оралды. Азия мен әлем чемпионаттарында жүлделі орын иеленіп жүрген спортшы өз карьерасында алғаш рет Олимпиадаға жолдамаға алған болатын.
© REUTERS / CLODAGH KILCOYNE23 жастағы Талдықорған тумасы, садақшы Ильфат Әбділлин Олимпиададағы жеке біріншіліктің ширек финалына өте алмады. Ол 2017 жылдан бері халықаралық жарыстарға қатысып келеді.
 Ильфат Әбділлин  - Sputnik Қазақстан
15/23
23 жастағы Талдықорған тумасы, садақшы Ильфат Әбділлин Олимпиададағы жеке біріншіліктің ширек финалына өте алмады. Ол 2017 жылдан бері халықаралық жарыстарға қатысып келеді.
© REUTERS / Kacper Pempel Қазақстан құрамасы су добы бойынша жарысқа 2000 жылдан бері қатысып келеді. Бірақ 2008 және 2016 жылдары өткен Олимпиадаға қатыспаған болатын.
су добы бойынша Қазақстан құрамасы  - Sputnik Қазақстан
16/23
Қазақстан құрамасы су добы бойынша жарысқа 2000 жылдан бері қатысып келеді. Бірақ 2008 және 2016 жылдары өткен Олимпиадаға қатыспаған болатын.
© REUTERS / DYLAN MARTINEZОлимпиаданың үш медалінің иегері, 36 жастағы Ольга Рыпакова біліктілік бойынша өте алмаған Токиодағы ойындардан кейін енді Олимпиадаға қатыспайтынын мәлімдеді.
Ольга Рыпакова  - Sputnik Қазақстан
17/23
Олимпиаданың үш медалінің иегері, 36 жастағы Ольга Рыпакова біліктілік бойынша өте алмаған Токиодағы ойындардан кейін енді Олимпиадаға қатыспайтынын мәлімдеді.
© REUTERS / UESLEI MARCELINOБұл Олимпиада қазақстандықтар үшін өкінішке толы болды: Риода күміс медаль алған 33 жастағы боксшы Василий Левит бірінші кездесуден кейін-ақ жарыстан шығып қалды.
Василий Левит - Sputnik Қазақстан
18/23
Бұл Олимпиада қазақстандықтар үшін өкінішке толы болды: Риода күміс медаль алған 33 жастағы боксшы Василий Левит бірінші кездесуден кейін-ақ жарыстан шығып қалды.
© AFP 2024 / MARTIN BUREAUОлимпиаданың жеті лицензиясын алған Милад Карими көпсайыс, еркін және кермедегі жаттығулар бойынша үш финалға өте алды. Алайда оның ең үздік нәтижесі еркін жаттығулар бойынша бесінші орын болды. Бірақ мамандар 2018 жылы алған жарақатынан кейін үлкен жарысқа қайта қадам басуының өзі спортшының үлкен жеңісі екенін айтуда. 23 жастағы спортшы 2017 жылдан бері халықаралық жарыстарға қатысып келеді және бұл оның тұңғыш Олимпиадасы.
 Милад Карими  - Sputnik Қазақстан
19/23
Олимпиаданың жеті лицензиясын алған Милад Карими көпсайыс, еркін және кермедегі жаттығулар бойынша үш финалға өте алды. Алайда оның ең үздік нәтижесі еркін жаттығулар бойынша бесінші орын болды. Бірақ мамандар 2018 жылы алған жарақатынан кейін үлкен жарысқа қайта қадам басуының өзі спортшының үлкен жеңісі екенін айтуда. 23 жастағы спортшы 2017 жылдан бері халықаралық жарыстарға қатысып келеді және бұл оның тұңғыш Олимпиадасы.
© AP Photo / Luca BrunoҚазақстан рекордының иегері, 23 жастағы ауыр атлет Игорь Сон Олимпиададағы алғашқы қола жүлдесін алды. Ол 2019 жылдан бері халықаралық деңгейде жарыстарға қатысып жүр.
Игорь Сон  - Sputnik Қазақстан
20/23
Қазақстан рекордының иегері, 23 жастағы ауыр атлет Игорь Сон Олимпиададағы алғашқы қола жүлдесін алды. Ол 2019 жылдан бері халықаралық деңгейде жарыстарға қатысып жүр.
© REUTERS / MAXIM SHEMETOV29 жастағы өскемендік семсерші Руслан Құрбанов 2011 жылдан бері халықаралық жарыстарға қатысып жүргеніне қарамастан Олимпиадаға тұңғыш рет жолдама алды.
 Руслан Құрбанов  - Sputnik Қазақстан
21/23
29 жастағы өскемендік семсерші Руслан Құрбанов 2011 жылдан бері халықаралық жарыстарға қатысып жүргеніне қарамастан Олимпиадаға тұңғыш рет жолдама алды.
© REUTERS / MIKE SEGAR22 жастағы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Олимпиададағы жеке біріншілікте төртінші болды.
 Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан
22/23
22 жастағы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Олимпиададағы жеке біріншілікте төртінші болды.
© AFP 2024 / MARTIN BUREAUСегіз қола жүлдені қанжығасына байлаған Қазақстан құрамасы медаль саны бойынша есепте 79-шы орында тұр. Бұл жазғы Олимпиада ойындары тарихындағы ең нашар нәтиже болып отыр.
Қазақстан құрамасы  - Sputnik Қазақстан
23/23
Сегіз қола жүлдені қанжығасына байлаған Қазақстан құрамасы медаль саны бойынша есепте 79-шы орында тұр. Бұл жазғы Олимпиада ойындары тарихындағы ең нашар нәтиже болып отыр.
Жаңалықтар
0