Әлем

Польша Балтық АЭС құрылысын жаңғыртуға келісе ме

© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуСтроительство АЭС, архивное фото
Строительство АЭС, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2021
Жазылу
Егер Ресей, Польша мен Венгрия арасында үшжақты келісімшарт жасалатын болса, жобаға қатысушы әр тарапқа небәрі екі миллиард еуродан қаражат салу қажет болады

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз — Sputnik. Дәл қазір бұрынғы Варшава блогындағы елдердің бірінде әлем қауымдастығының назарынан тыс Еуропаның энергетикалық және геосаяси картасын толықтай өзгерте алатын оқиғалар болып жатыр, деп жазды РИА Новости.

Сөз Польша жайында. Еуропадағы БАҚ-тың жазуынша, жергілікті екі олгирах пен оларға тиесілі компаниялар елдегі энергетикалық қайта жасақтау жарысына түсті. Оның бірі Михал Соловов пен оның Synthos компаниясы. Соловов химия өнеркәсібінің жандануын қалайтындардың бірі. Оның оппоненті – поляк медиамагнаты Зигмунт Солорж-Жак пен оған тиесілі ZE PAK концерні.

Белорусская АЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2021
Ресейлік АЭС басқа елдердің энергия жүйесіне қалай көмектесіп жатыр

Бір ай бұрын Соловов GE Hitachi Nuclear Energy америкалық концерні 2033-2043 жылдар аралығында Польша территориясында әрқайсысының қуаты 1-1,6 гигаваттан болатын төрт шағын атом реакторын тұрғызуды қарастыратын келісімшарт жайлы жария етті. Ал Солорж-Жак Калининград облысында орналасқан Балтық АЭС-ке қаражат салуды және осылайша Польшаны электр энегриясын жеткізу саласындағы жетекші рөлге ие "ойыншы" етуді ұсынды.

Жалпы Польша КСРО тараған кезде бірде-бір атом электр станциясын мұра етіп алып қала алмаған бұрынғы Варшава келісіміндегі бірқатар елдің бірі. Поляктардың энергетикасы бүтіндей және толықтай көмірге негізделген. 2019 жылғы мәлімет бойынша электр энергиясының 74 процентінің негізі осы көмір болғаны белгілі болды. Ал дәл осы көмір батыста және жалпы бүкіл әлемде экологияның қас жауы әрі поляр мұздықтарының еруіне ықпал етуші фактор ретінде аталған.

Бұл жағдай Еуроодақтың көңілінен шықпайтыны анық. Әйтсе де поляктар өз энергетикасын жасылдандыруға қатысты барлық талаптан бас тартып, көлемі шағын емес мемлекеттегі генерацияны жел немесе күн панельдеріне алмастыру мүмкін емес екенін алға тартуда. Брюссель мен Варшава арасындағы осы келісе алмаушылықтың жалғасып жатқаны бірінші жыл емес. Бірақ Еуропа қазынасынан жыл сайын қайтарымсыз негізде 15-20 миллиард еуро алып отырған поляктар ұйым талабын қанағаттандырудың әдісін іздеуге мәжбүр.

Польша қолда бар пайдалы қазбаның ішінде тек көмір мен аздаған табиғи газға ғана бай. Алайда газ қоры айтарлықтай шектеулі және ішкі өндіру сұраныстың тек жартысын ғана қанағаттандырып отыр. Жылына тоғыз миллиард текше метр көлеміндегі тапшы ресурсты поляктар "Ямал" магистральді газ құбыры арқылы Ресейден алып отыр. Ал АҚШ-тан жеткізілетін жеті процент көлеміндегі сұйылтылған газ сұранысты жабуға елеусіз үлес қосты.

Жасыратыны жоқ, Польша бұрыннан бері Еуропадағы ресейлік кез келген энергетикалық жобаларға қарсы шығып келеді. Сондықтан Варшава жыл сайын ресейлік газды сатып алудан жақын уақытта түбегейлі бас тартатынын мәлімдеуді әдетке айналдырған. Оның Балтық елдерімен бірлесіп "Солтүстік ағын – 2" жобасын жүзеге асыруға қарсы болуының да астарын осында жатыр.

Белорусская АЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2021
Ресейлік АЭС басқа елдердің энергия жүйесіне қалай көмектесіп жатыр

Антиресейлік саясатты ұстанатын Варшаваның бұл тығырықтан шығатын жалғыз жолы бар. Ол – атом энергетикасы.

Экономика, география, физика, тіпті логика тұрғысынан алғанда, поляктарға Ресейге деген жаулық көзқарасты бір шетке ысырып, онымен ынтымақтастық орнатуды бастау керек.

Польша – энергия тапшылығы қалыптасқан ел. Бұл халқының, елдің тыныс-тіршілігіне қамтамасыз ету үшін қажетті көлемнен аз мөлшерде электр энергиясын шығаратын мемлекет дегенді білдіреді. Жалпылай айтқанда поляк энергия жүйесіндегі әрбір оныншы киловатт импортпен жеткізіледі.

Егер Польша картасын қолға алып, электр станцияларының орналасуына зер салсақ, онда елдің солтүстік-шығысында генерация нысандары мүлде жоқ екенін көруге болады. Ең жақын ЖЭС Варшавадан оңтүстікке қарай және Гданьсктен батысқа қарай орналасқан. Балтық АЭС Литвамен шекарада орналасқанмен, электр тапшылығы бар екі поляк өлкесіне жақын жерде тұр. Сондықтан Польшамен шекараға дейін магистральді электр жеткізу желілерін салу технологиялық тұрғыдан мүмкін іс болады.

Егер америкалықтардың ұсынысы мен Калининградтағы атом станциясын салыстыратын болсақ, инфрақұрылымы 12-15 процентке аяқталған Балтық АЭС-тың құрылысын аяқтау жеті миллиард еуроны қажет етсе, америкалық жоба шығыны 23 миллиард еуроны құрайды. Тағы бір ескеретін фактор – уақыт. Егер Калининградтағы нысанды 2028 немесе 2029 жылы іске қосу шынайы болса, Synthos компаниясы америкалықтармен бірлесіп, осы бағыттағы жұмыстарды тек 2030 жылы бастауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар атом электр станциясын салу кезінде сейсмикалық тұрғыда жарамды орын табу басты проблемаға айналады. Геологиялық барлау жұмыстарына, даладағы зерттеулерге және келісулерге бірнеше жыл жұмсалуы мүмкін. Ал Балтық АЭС-тің учаскесі дайын, тексеруден өткен және халықаралық реттеуішпен бекітілген.

Белорусская АЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2021
Ресейлік АЭС басқа елдердің энергия жүйесіне қалай көмектесіп жатыр

Ішкі нарықта Балтық АЭС өнімі қажет болмағандықтан, оны бүтіндей электр энергиясының экспортына бейімдеуге болады. Сондықтан Польшаға ақылға келсе, Ресейдің батыстағы көршілері табыстың қуатты құралын қоодарына түсірмек. Ресейдің бірыңғай энергия жүйесіне жеткізулердің қажеттілігі болмаса, станцияны Еуроодақтың энергия жүйесімен үйлестіруге болады.

Нәтижесінде Польшаның солтүстік-шығыс аумағы қолжетімді әрі арзан электр энергиясына қарық болайын деп тұр. Мұны Беларусь АЭС-тен айқын көруге болады. Польша мен Балтық маңы елдерінің қарсылығына қарамастан, бұл станция құрылысы толық қарқында жүріп жатыр.

Солорж-Жак Балтық АЭС-ті жалғыз емес, венгриялық мемлекеттік MVM компаниясымен бірлесіп салуды жоспарлап отыр. Бұл компания елдегі жалғыз АЭС "Пакштың" модернизациясы үшін жауап беріп қана қоймай, сондай-ақ оның басымды құқығын "Росатомға" ұсынып қойған. Оның үстіне Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан поляк әріптесі Матеуш Моравецкиймен бірнеше рет кездесіп, Калининградта бірлескен атом электр станциясын салу жайын талқылады.

Егер Ресей, Польша мен Венгрия арасында үшжақты келісімшарт жасалатын болса,жобаға қатысушы әр тарапқа небәрі екі миллиард еуродан қаражат салу қажет болады. Нәтижесінде жақын уақытта орыстардың қазынасына табыс әкеліп, Польша мен Венгрияның мүддесі аясында жұмыс істейтін станцияға қол жеткізеді. Ал Польша бұл ұсыныстан әлі де түбегейлі бас тартқан жоқ.

Жаңалықтар
0