Аңдатпа

Қазақстанда 10 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневМост через реку Есиль в Нур-Султане
Мост через реку Есиль в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 10-11 тамызда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

10 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.00 – "Неліктен үкімет бағаның өсуін тоқтата алмайды?" деген тақырыпта Тамақ индустриясы, агроөнеркәсіптік кешен, шағын және орта бизнес кәсіподақтары альянсының онлайн брифингі өтеді. Спикерлер: "Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығы" ЗТБ президенті Жібек Әжібаева, Республикалық кәсіпкерлер бастамашыл тобының мүшесі, "Вместе мы сила" кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Еділ Қазақпаев, "Ассоциация "Масложировой союз Казахстана" ЗТБ президенті Константин Невзоров, "Ассоциация производителей безалкогольных напитков соков РК" ЗТБ директоры Әлия Мамытбаева (Аккредиттеу үшін мына телефонға хабарласыңыз: 87017490200, Әсел Берімжарова. ZOOM сілтемесі. Конференция идентификаторы: 882 8635 8462. Кіру коды: 303676).

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Абай Құнанбаевтың ескерткіші алдында ұлы ақынның туған күніне орай үлкен пазл жиналатын болады. Пазл халықаралық және ұлттық байқауларды жеңімпаз атанған қазақстандық оқушылардың 200 суретінен тұрады. Монументке гүл шоқтары қойылып, ұлы ақынның өшпес жыр шумақтары оқылады. Акцияны ұйымдастырушы - Бірлескен мұражайлар дирекциясы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы Орыс үйі. Акцияға қатысушылар саны шектеулі (Тіркеу бойынша Ольга Скальчук: 8 701 054 71 77, e-mail: ns_kultura@kaz.rs.gov.ru, Евгений Лумпов: 8 701 261 39 64, e-mail: kaz.rs.gov@mail.ru хабарласу қажет).

АЛМАТЫ

18.00 – "Spike heels (Шпильки)" спектаклі ("Өркен" студия-театры, ағайынды Абдуллиндер көшесі, 38).

11 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

АЛМАТЫ

12.00 - "Волк и семеро козлят" спектаклі (Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.00 - "Spike heels" спектаклі ("Өркен" театр-студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі, 38).

18.30 - "Другая Дюймовочка" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0