Өңірлер

Полиция Қарағандыдағы ғимаратты неге қоршауға алды

© Photo : polisia.kzНадпись Polisia на форме
Надпись Polisia на форме - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2021
Жазылу
Жедел топ ғимарат аумағын қоршауға алып, тәртіпті қамтамасыз ету үшін қосымша жасақтарды шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз — Sputnik. Қарағанды облыстық полициясы "Ариста" мейрамханасында болған жағдайға қатысты түсініктеме берді. Ол жерде облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы той өткізген.

"Полицейлер карантин шарасын бұзып, адам көп жиналған мейрамхананы қоршауға алды. 7 тамыз күні 109 нөміріне мейрамхана маңында көлік пен адам көп жиналғаны туралы хабар түсті. Ол жерге полиция, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және Қарағанды әкімдігі өкілдерінен құралған жедел топ жетті. Болған жағдай тексеріліп жатыр", - деді өңірлік полиция департаменті.

Мекеме маңында адам мен көлік тым көп болғандықтан, полицияның қосымша жасағы шақырылды. Бұған дейін әлеуметтік желіде полицейлер мейрамхана ішіндегі шенеуніктерді қорғап, күзету үшін тұр деген ақпарат тараған болатын.

"Полиция қызметкерлері мейрамхананың кіші залында сүндет той өткенін анықтады. 38 жастағы ер адам ұйымдастырған жиынға 40-қа жуық адам келген. Ал үлкен залда 57 жастағы тұрғын 350 адамға арналған отырыс жасады", - деп толықтырды полицияда.

Екі жиын да тоқтатылды. Осы фактілер бойынша әкімшілік іс қозғалды. Олар санитарлық-эпидемиологиялық қызметке қарауға жіберілді.

Шенеунік тойы

Өңірлік БАҚ Қарағанды облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Қалел Мақсұтов "қыз ұзату" өткізгенін хабарлады. Қарағанды облысы әкімдігі бұл фактіні растады, шенеунік жазаланатынын атап өтті.

Мемлекеттік қызметкерге қатысты арнайы тексеріс тағайындалады. Карантин шектеуін бұзу фактісі расталған жағдайда қызметінен босатуға дейін, ең қатаң шаралар қабылданады.

Жаңалықтар
0