Әлем

Түркияда автобус аударылып, 14 адам көз жұмды

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2021
Жазылу
Автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмаған, салдарынан көлік аударылып, он төрт адам ажал құшты

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Түркияда рейстік автобус аударылып, он төрт адам қаза болды. Тағы он сегіз адам жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости.

Жантүршігерлік жол апаты Түркияның батысында Балыкесир қаласы маңында болды, деп мәлімдеді провинция әкімшілігі.

"Бүгін 4.40-та Балыкесир – Эдремит рейсін орындаған автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Балыкесир маңында аударылды. Он бір адам оқиға орнында мерт болды, үш жолаушы ауруханада көз жұмды. 18 адам жараланды, олар бес ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады жергілікті билік.

Тағы оқыңыз: Антальяда ресейлік туристер мінген автобус аударылды – видео

Бұл соңғы екі күнде Түркияда болған екінші ірі жол апаты. Сенбі күні Маниса провинциясында рейстік автобус апатқа ұшырап, тоғыз адам ажал құшты, 30 жолаушы зардап шекті.

Жаңалықтар
0