Видео

Инфекционист вакциналауға қалай дайындалу керек екенін түсіндірді – видео

Жазылу
Дәрігер-инфекционист, педиатр, медицина ғылымдарының кандидаты Евгений Тимаков Sputnik Өзбекстанға берген сұхбатында вакцинация процесі кезінде және екінші дозаны алғанға дейін не істеу керектігін айтты

Ол вакцина салдырмас бұрын, емделіп жүрген дәрігерге қаралуға кеңес берді. Егер адамның созылмалы ауруы болса, міндетті түрде тексерілуге тиіс.

Инфекционист вакцина салғызған пациенттерді басты қателіктен сақтандырды: бірінші дозадан кейін иммунитет толығымен қалыптаспайды, сол себепті маска режимін, әлеуметтік ара қашықтық және басқа профилактикалық шараларды қатаң сақтау қажет.

"Өкінішке қарай, көбі осы кезеңде босаңсып кетеді. Ал сосын екпеден кейін неге коронавирус жұқтырдым деп таңғалады", - дейді Тимаков.

Айтуынша, бірде бір вакцина жүз пайыз кепілдік бермейді. Бірақ коронавирустың ауыр түрі мен өлімге әкеп соғу қатерін азайтады. Алайда ұжымдық иммунитет болмаса, екпе алған адамның өзіне инфекциямен күресу қиынға соғады.

Жаңалықтар
0