Спорт

Токио Олимпиадасы: Ниязбеков қола медаль үшін белдеседі

© REUTERS / PIROSCHKA VAN DE WOUWДәулет Ниязбеков
Дәулет Ниязбеков - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2021
Жазылу
Отандасымыз қола медаль үшін жекпе-жекте үнді палуанымен кездеседі

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз — Sputnik. Қазақстандық палуан Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасында жұбаныш белдесуде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Азияның үш дүркін чемпионы Дәулет Ниязбеков (65 келі) бірінші жекпе-жекте кубалық Алехандро Вальдестен басым түсті. Ал ширек финалда әлемнің үш дүркін чемпионы Гаджи Әлиевтен 1:9 есебімен ұтылды. Бірақ оның қарсыласы финалға шықты. Соның арқасында Ниязбеков жұбаныш белдесуіне шығуға мүмкіндік алды.

Бүгін жерлесіміз сенегалдық Адама Диаттамен белдесті. Ниязбеков бірден қарсыласына шабуыл жасап, өз әдісін шебер орындай білді. Одан кейін басымдығын ұлғайтты. Қорытынды есеп – 10:0.

Енді, қазақстандық палуан қола медаль үшін таласады. Оның қарсыласы – үндістандық Баджранг Баджранг.

Айта кетері, Токио Олимпиадасында палуандардың ішінде Нұрислам Санаев қана қола медаль жеңіп алды.

Дәулет Ниязбеков қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшысы екенін атап өткен жөн. 

Жаңалықтар
0