Спорт

Қазақстанның қоржынына тағы медаль түсті: Берульцева жартылай финалға шықты

© Photo : Национальный Олимпийский комитетСофья Берульцева
Софья Берульцева - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2021
Жазылу
Софья Берульцева Олимпиададағы жеңісті жолын жалғастырып жатыр. Ол үш кездесуден соң мерзімінен бұрын жартылай финалға шықты 

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз — Sputnik. Қазақстандық каратеші Софья Берульцева Токио Олимпидасының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бірінші айналымда жерлесіміздің тартысты жекпе-жегі тең аяқталды. Ал екінші кездесуде италиялық Сильвия Семерароны 5:1 есебімен ұтты. Үшінші жекпе-жекте азербайжандық Ирина Зарецкаядан 5:4 есебімен басым түсті. Осылайша 5 ұпаймен мерзімінен бұрын жартылай финалға жолдама алды. Бұл қоржынға кем дегенде қола жүлде түскенін білдіреді. 

Айта кетейік, бұған дейін каратеші Дархан Асаділов жартылай финалға шығып, ары қарай өте алмады. Сөйтіп қола жүлдегер атанды. Ал Мөлдір Жаңбырбай мен Нұрқанат Әжіқанов іріктеуден қажетті ұпай санын жинай алмады.

Жаңалықтар
0