Видео

Құтқарушылар Арыста өртенген вагондарды қалай сөндірді – оқиға орнынан видео

Жазылу
Арыста жұма күні төтенше жағдай болды: сары фосфор тиелген контейнерлер өртенді. Толығырақ біздің видеодан көріңіз

Төтенше жағдай жұма, 6 тамызда болды. Іргелес жатқан "Наурыз" шағын ауданынан 1700-ге жуық тұрғын эвакуацияланды. Олардың дені туыстарының үйіне жайғастырылса, қалғаны мектепте ашылған эвакуациялау пунктеріне жеткізілді.

Полиция оқиға болған жерге блок пост орнатып, апат орнын оқшаулады. "ҚТЖ ҰК" АҚ оқиғаның шығу себебін анықтау үшін комиссия құрды. Алдын ала болжам бойынша жүкті жөнелтуші жүк тиеудің техникалық талаптарын бұзған.

Сары фосфор жанған кезде фосфин токсинді газы түзіледі, ол аса улы заттар қатарына жатады. Ең алдымен жүйке жүйесіне кері әсерін тигізіп, зат алмасу процесін бұзады. Сонымен қатар қан тамырлары, тыныс алу жолдары, бауыр мен бүйрекке де зиян. 10 мг/м³ концентрациямен ұзақ уақыт тыныс алу улануға, соңында өлімге әкеп соғады.

Жаңалықтар
0