Видео

Қазақ спортшылары әлем чемпионатында бақ сынап жатыр

Жазылу
Бұл күндері Ыстықкөлде жауынгерлік өнердің бес түрінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстарға қазақстандық спортшылар да барды. Видеоны көріңіз

Шолпон Атада жауынгерлік өнердің бес түрінен "Бірлік-2021" атты әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Sputnik Қырғызстанның хабарлауынша, чемпионаттың бағдарламасына ММА, джиу-джитсу, самбо, тай боксы және грэпплингтен жекпе-жектер кіреді.  

Ыстықкөлге Орталық Азия елдерінен, соның ішінде Қазақстаннан және Ресейден барлығы 500-ден астам спортшы келді.

"Бірлік-2021" чемпионатының мақсаты – мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және дені сау жастарды тәрбиелеу. Ол 7 тамызға дейін жалғасады.

Жаңалықтар
0