Қоғам

Атырауда екі полковник пен аға лейтенант ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевҚолдағы ақша
Қолдағы ақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2021
Жазылу
Олар қызметкерлерді іссапарға жіберу туралы жалған құжат жасап, бензин талонынан да пайда көріп отырған

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Атырауда қызметкерлерге бөлінген сыйақыны қалтасына басқан арнайы күзет басқармасының басшысына қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, Атырау қаласының №2 соты арнайы күзет қызметі басқармасының басшысы, полиция полковнигі мен оның қарамағындағы екі қызметкеріне қатысты істі қарады.

Сот отырысынан мәлім болғандай, олар қызметкерлердің сыйақысы мен материалдық көмекке бөлінген бюджет қаржысын қалталарына басып отырған. Сонымен қатар басқарма басшысы қызметкерлерді іссапарға жіберу туралы жалған құжаттарға қол қойып, жанар-жағар май талонынан да пайда көрген.

Сот 4 тамыз күні өтті. Басқарма басшысына екі жылға бас бостандығын шектеу, полковник шенін қайтару, бұдан былай мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салу жазасы тағайындалды. Оның орынбасарына да екі жылға бас бостандығын шектеу, полиция полковнигі шенін қайтару жазасы кесілді.

Үшінші сотталушы басқарма инспекторы 6,7 миллион теңге көлемінде айыппұл арқалап, аға лейтенант шенінен айырылды. Сонымен қатар ол да мемлекеттік қызметтен шеттетілді.

Оқи отырыңыз: Тұрғымбаев 28 медицина қызметкері ұсталғанын хабарлады

 

Жаңалықтар
0