Олардың іс-қимылы арқылы эмоциясын анық байқауға болады. Бірі жарыс алдында сәттілік белгісі ретінде жұдырық жұмса, бірі қос қолымен "жүрек" пішінін "жасап" алғыс білдіріп жатыр.
Осы Олимпиадада спортшылар өз жанкүйерлерін трибунадан көре алмағанымен, олардың қолдауын толықтай сезініп отырғаны сөзсіз.
Олимпиада ойындары кезінде көңіл-күйін іс-қимылымен көрсеткен спортшылардың суретін Sputnik материалынан тамашалаңыз.

1/21
© AP Photo / Matthias Schrader
Оңтүстік Кореядан келген биіктен секіретін спортшы У Сан Хёк (Woo Sang-Hyeok) Токио Олимпиадасында камера алдында жүрек тұсын ұстап, ишара білдіруде.

2/21
© REUTERS / Piroschka Van De Wouw
200 метрге шалқалап жүзу жарысына қатысқан австралиялық Кейли МакКаун (Kaylee McKeown) өз көрсеткішіне көңілі толатынын білдіріп тұр.

3/21
© AFP 2024 / LUIS ROBAYO
Олимпиадада кезекті жұдырықтасудан кейінгі қазақстандық спортшы Сәкен Бибосынов.

4/21
© REUTERS / Pawel Kopczynski
200 метрге жүгіруден бірінші болып келген ямайкалық желаяқ Элейн Томпсон-Гера (Elaine Thompson-Herah) қуанып жатыр.

Италия құрамасының ойыншысы Джанмарко Тамбери биікке секіруден ерлер арасында өткен жарыстағы жеңісіне қуануда.

6/21
© REUTERS / UESLEI MARCELINO
Зәкір Сафиуллин Олимпиадада бокстан ширек финалда жеңіліп қалған соң ашуға жол беріп, арқан тартылған тіректің бірін бір тепті.

7/21
© AFP 2024 / Angela Weiss
Ырымға сенгіш америкалық волейболшылар Түркия құрамасымен өткен жарыс кезінде бірі жұдырық жұмып, бірі сұқ саусағын шошайтып тұр.

8/21
© REUTERS / Maxim Shemetov
Оңтүстіккореялық семсерші Ким Джи Ён (Kim Ji-Yeon) Олимпиадада өткен жарыстан соң тізе бүкті.

9/21
© REUTERS / CLODAGH KILCOYNE
Қазақстандық садақшы Ильфат Абдуллин Токиодағы Олимпиада кезінде кезекті раундтағы жеңісіне қуанып тұр.

10/21
© REUTERS / Marko Djurica
Америкалық жүзуші Калеб Дрессель (Caeleb Dressel) өз жанкүйерлеріне қос қолымен "жүрек" көрсетіп тұр.

Хорватия атлеті Тин Србичтің ерлер арасындағы спорт гимнастикасынан өткен жарыстан кейінгі қуанышы.

12/21
© REUTERS / MIKE SEGAR
Қазақстандық теннисшілер Ярослава Шведова мен Андрей Голубевтің аралас разряд бойынша жарыс кезінде бір-біріне қолдау ретінде жұдырық түйістіретін сәт.

13/21
© REUTERS / Phil Noble
Ямайкалық желаяқ Меган Таппер Токиодағы Олимпиада стадионында дұға етуде.

14/21
© AP Photo / Aaron Favila
Нигерия спортшысы Блессинг Оборудуду (Blessing Oborududu) еркін күрестегі жеңісіне қуанып тұр.

15/21
© REUTERS / MIKE SEGAR
Юлия Путинцева Олимпиадада теннис бойынша өткен жарыстың кезекті кезеңінен кейін жинақталуға тырысып жатыр.

16/21
© REUTERS / Buda Mendes
Олимпиададағы ширек финалда жеңіске жеткен соң күлкі қысып әрі көңілі босаған Ирландия боксшысы Эйдан Уолшт (Aidan Walsh) камераның бетін көлегейледі.

17/21
© REUTERS / Ueslei Marcelino
Түркия мен Тайланд спортшылары бокстан өткен жұдырықтасудан кейін дәстүр бойынша көрермендерге алғыс ретінде бас июде.

18/21
© AFP 2024 / TIZIANA FABI
Елена Рыбакина Олимпиада медалінен қалайша құр қалғанын түсінбей тұрған секілді.

19/21
© AP Photo / Luca Bruno
Неміс ауыр атлеті Сабин Беат Кустерер (Sabine Beate Kusterer) салмақты сәтсіз көтеруден кейін бетін басып, қынжылыс танытты.

20/21
© AP Photo / Matthias Schrader
Австралиялық Брендон Старк (Brandon Starc) биікке секіру бойынша өз нәтижесіне дән риза екенін білдіріп тұр.

21/21
© AFP 2024 / VINCENZO PINTO
Зульфия Чиншанло салмақты сәтті көтере алғанына қуануда.
