Спорт

Токио Олимпиадасы: Ниязбеков жұбаныш белдесуіне шығады

© REUTERS / PIROSCHKA VAN DE WOUWДаулет Ниязбеков на Олимпиаде
Даулет Ниязбеков на Олимпиаде  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2021
Жазылу
Ертең қазақстандық балуан алдымен сенегалдық Адама Диаттамен күреседі. Оны жеңсе, үндістандық Баджранг Баджрангпен қола жүлдені сарапқа салады

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасында жұбаныш белдесуіне шығуға мүмкіндік алды. Қарсыласын жеңсе, "қолаға" таласа алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нурислам Санаев выиграл поединок за бронзу - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2021
Спорт
Санаев қарсыласын тістеп алды – бірлескен федерация шешім шығарды
Азияның үш дүркін чемпионы Дәулет Ниязбеков (65 келі) бірінші жекпе-жекте кубалық Алехандро Вальдестен басым түсті. Ал ширек финалда әлемнің үш дүркін чемпионы Гаджи Әлиевтен 1:9 есебімен ұтылды. Бірақ оның қарсыласы бүгін финалға шықты. Соның арқасында Ниязбеков жұбаныш белдесуіне шығуға мүмкіндік алып отыр.

Ертең, 7 тамызда қазақстандық палуан алдымен сенегалдық Адама Диаттамен күреседі. Оны жеңсе, үндістандық Баджранг Баджрангпен қола жүлдені сарапқа салады.  

Айта кетері, бүгін жарыс жолына үш балуанымыз шыққан. Валентина Исламова (50 келі) алғашқы жекпе-жекте ұтылса, Әлішер Ерғали (97 келіге дейін) ширек финалдан аса алмады.

Жаңалықтар
0