АЛМАТЫ, 6 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы "қою қызыл" аймақтан "қызыл" аймаққа өтті. Соған байланысты бүгіннен бастап нысандардың жұмыс уақытына бірқатар өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Республиканың бас санитар дәрігерінің 29 шілдедегі қаулысына сәйкес, "қызыл" аймақта тұрған өңірлерде Ashyq қосымшасына енген мейрамханалар сағат 07:00-02:00 аралығында жұмыс істей алады. Адам саны 50 орыннан және ғимарат толтырылуы 50 проценттен аспауы тиіс.
Бильярд, компьютерлік клубтар, боулинг 12.00-02.00 арасында ашық болады. Толтырылуы 30%-тен аспауы қажет.
Сауда-ойын сауық орталықтарына сенбі және жексенбіде 10.00-22.00 аралығында жұмыс істеуге рұқсат берілген. Ал базарлар сенбі және жексенбіде 10.00-17.00 аралығында жұмыс істейді.
ЖОО, колледж, білім беру орындарының қызметіне толық рұқсат берілген. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталығы, теміржол вокзалдары, әуежай, қонақүйлер жұмысы мен облысаралық тұрақты тасымалдарға шектеу жоқ.
Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.
4 тамызда Нұр-Сұлтан "қою қызыл" аймақтан "қызылға" өтті.