Өңірлер

Бекшин Rixos қонақ үйіне неліктен айыппұл салынбағанын түсіндірді

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы, виды города
Алматы, виды города  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2021
Жазылу
Мониторинг тобына тапсырма берілді, олардан айыппұл салу үшін тиісті құжат түспеді, деді қаланың бас санитар дәрігері

АЛМАТЫ, 6 тамыз – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин орталық синагога өкілдері жаппай іс-шара өткізген Rixos қонақ үйіне неліктен айыппұл салынбағанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Brothers️️️ (@kris_p_brothers)

"Шараны ұйымдастырушыларға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Rixos-қа келер болсақ, біздің қызметкерлердің нысанға баратын мүмкіндігі жоқ. Мониторинг тобына тапсырма берілді, олардан айыппұл салу үшін тиісті құжат түспеді. Мониторинг тобынан құжат күтіп отырмыз", - деп жауап берді Бекшин.

Бұған дейін Алматыда еврей қауымы карантин кезінде Rixos Almaty қонақ үйінің алдында топ болып фотосессия ұйымдастырды.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова сол жағдайға байланысты тексеріс жүргізілгенін, шараны ұйымдастырушыларға 30 АЕК, яғни 87 510 теңге айыппұл салынғанын айтты.

Алайда қонақ үй басшылығына қатысты ешқандай шара қолданылмаған.

Жаңалықтар
0