Оқиға

Арыста фосфор тиелген вагондар өртенді: жақын маңдағы тұрғындар көшіріліп жатыр

© Photo : Акимат Туркестанской областиТушение вагонов
Тушение вагонов - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2021
Жазылу
Эвакуацияланған тұрғындардың барлығы ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, олар қала мектептерінің бірінде түнейді

НҰР -СҰЛТАН, 6 тамыз - Sputnik. Жұма күні Арыс қаласын қою түтін басты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Арыс қаласының әкімдігі (@arys_kalasy_akimdigi)

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Арыс стансасында кешкі бес жарым шамасында Жамбыл облысынан Ресейге бет алған фосфор тиелген екі контейнер өртенгенін хабарлады.

"Аудан мен облыстың барлық төтенше жағдайлар күштері жұмылдырылды, өрттің бұл түрін сөндіру тактикасы белгілі. Дегенмен сары фосфор өте ұзақ жанады және қатты түтіндейді, жақын маңдағы шағын аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі көшіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді ол.

Эвакуацияланған тұрғындардың барлығы ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, олар қала мектептерінің бірінде түнейді, деп толықтырды облыс әкімінің орынбасары. Жағдай бақылауға алынды.

Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайға байланысты қауырт желі ашты: 8-725-33-5-83-02.

 

Жаңалықтар
0