Спорт

Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті

© AP Photo / Vincent ThianДархан Асадилов на Олимпиаде
Дархан Асадилов на Олимпиаде  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2021
Жазылу
Жартылай финалда Асаділов француз спортшысы Стивен да Костамен кездесті. Каратешіміз бірден вазари орындап, екі ұпайға ие болған еді

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстандық каратеші Дархан Асаділов (67 келі) Токио Олимпиадасының жартылай финалында жеңіліп қалды,  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Жартылай финалда Асаділов француз спортшысы Стивен да Костамен кездесті. Каратешіміз бірден вазари орындап, екі ұпайға ие болды. Алайда қарсыласы иппонпен алға шығып кетті. Одан кейін тағы үш ұпай алып кетті. Асаділов есесін қайтара алмады. Қорытынды есеп – 2:5. Осылайша, Асаділов қола жүлдені қанағат тұтты. 

Алғашқы жекпе-жекте Асаділов түрік спортшысы Эрай Самданды 6:2 есебімен, ал екінші айналымда әзірбайжандық Фирдоуси Фарзалиевті дәл сондай есеппен ұтты. Үшінші жекпе-жекте жапондық Наото Сагоны айқын басымдықпен (3:0) жеңді. Асаділов алты ұпайға ие болып, бірден жартылай финалға өткен. 

Іріктеу сайыстарында Асаділов төрт жекпе-жек өткізді. Ол мысырлық Әли Эльсавиді де жеңді. 

Айта кетері, бүгін бір каратеші қызымыз Мөлдір Жаңбырбай жарыс жолынан шығып қалды. Токио Олимпиадасына бес қазақстандық каратеші аттанған. Олар: Дархан Асаділов (67 келі), Данияр Юлдашев (+75 келі), Софья Берульцева (+61 келі), Мөлдір Жаңбырбай (55 келіге дейін) және Нұрқанат Әжіқанов (75 келіге дейін).

Жаңалықтар
0