Қоғам

Қазақстан азаматтардың қауіпсіздігі бойынша 167 елдің ішінде нешінші орында тұр

© Sputnik / Серикжан КовланбаевЖенщины с колясками на улице в Алматы, архивное фото
Женщины с колясками на улице в Алматы, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2021
Жазылу
Рейтингте Қазақстанның алдында ТМД елдері арасында Өзбекстан, Армения, Түрікменстан, Беларусь, Қырғызстан, Молдова орналасқан

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстан азаматтардың қорғалуы мен қауіпсіздігі бойынша рейтингте 167 елдің ішінде 81-орында тұр.

Finprom ақпаратына сәйкес, рейтингте соғыс, қақтығыстар, террор және қылмыс азаматтардың қауіпсіздігін қаншалықты тұрақсыздандыруы мүмкін екендігі ескерілген.

Тізімнің басында Швейцария, Норвегия және Люксембург орналасқан. Тізімді Оңтүстік Судан аяқтайды.

Рейтингте Қазақстанның алдында ТМД елдері арасында Өзбекстан, Армения, Түрікменстан, Беларусь, Қырғызстан, Молдова тұр.

Ал Қазақстаннан кейінгі орындарда Тәжікстан, Әзербайжан, Ресей мен Украина бар.  

Оқи отырыңыз: Тоқаев басты қауіп-қатерді атады 

Қазақстанда биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тергеу жүргізу бойынша қызметтер көлемі бар болғаны 64,7 миллиард теңгеге жетті. Бұл былтырмен салыстырғанда 6,5%-ке аз. Қызметтердің нақты көлемінің төмендеуі 10%-ті құрады.

Экономиканың қадағаланбайтын секторын есепке алмағанда қызметтер көлемі 63,2 миллиард теңгені құрады, бұл былтырмен салыстырғанда 7,2%-ке төмен. Өңірге бөліп қарағанда ең көп қызмет Алматыда көрсетілді. Үштікке елорда мен Атырау облысы кірді. Ең аз қызмет Түркістан облысында көрсетілген.

Жаңалықтар
0