Спорт

Жаңбырбай Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады

© AFP 2024 / ALEXANDER NEMENOVМолдир Жанбырбай на Олимпиаде
Молдир Жанбырбай  на Олимпиаде  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2021
Жазылу
Үш жекпе-жекті сәтті өткізген Жаңбырбай төртінші айналымда жапониялық Михо Мияхарадан жеңіліп қалды

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстандық каратеші Мөлдір Жаңбырбай Токио Олимпиадасындағы жарыс жолын аяқтады,  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бірінші жекпе-жекте Жаңбырбай мысырлық Радва Сайедті айқын басымдықпен жеңген. Ал екінші айналымда австриялық Беттина Планке 4:3 есебімен жол беріп қойды. Үшінші жекпе-жекте Жаңбырбай украиналық Анжелика Терлюгамен тең түсті. Бірақ төртінші айналымда жапониялық Михо Мияхарадан 11:2 есебімен ұтылды. Осылайша, каратеші қызымыз жартылай финалға шыға алмады.   

Оқи отырыңыз: Қазақ боксшылары алғаш рет Олимпиадада "алтынсыз" қалды

Айта кетері, Токио Олимпиадасына бес қазақстандық каратеші аттанған. Олар: Дархан Асаділов (67 келі), Данияр Юлдашев (+75 келі), Софья Берульцева (+61 келі), Мөлдір Жаңбырбай (55 келіге дейін) және Нұрқанат Әжіқанов (75 келіге дейін). Бүгін Дархан Асаділов жартылай финалға өтті.

Жаңалықтар
0