Спорт

Токио-2020: Қайсанов қола медаль үшін белдеседі 

© AFP 2024 / JACK GUEZДанияр Кайсанов на Олимпиаде
Данияр Кайсанов на Олимпиаде  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2021
Жазылу
Ол бірінші жекпе-жекте жапониялық Кейсукэ Отогуроның жауырынын жерге тигізіп, жеңіске жеткен. Ал ширек финалда мысырлық Реда Рамадан Хуссейннен басым түсті

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Токио Олимпиадасында еркін күрес шебері Данияр Қайсанов финалға шыға алмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Жартылай финалда  жерлесіміз ресейлік палуан Заурбек Сидаковпен белдесті. Бірінші кезеңде екеуі сылбыр қимылдады. Төреші қазақстандық спортшыға ескерту берді. Жарты минут ішінде әдіс жасамағандықтан, бір ұпай қарсыласқа жазылды. Ал екінші кезеңде ресейлік палуан бірнеше әдісін іске асыра білді. Ұпайын да ұлғайтты. Қайсанов оған қарсы ештеңе істей алмады. Қорытынды есеп – 0:11. Енді қазақстандық палуан қола үшін күреседі. 

Қайсанов бірінші жекпе-жекте жапониялық Кейсукэ Отогуроның жауырынын жерге тигізіп, жеңіске жеткен. Ал ширек финалда мысырлық Реда Рамадан Хуссейннен басым түсті. 

Айта кетері, бүгін әйелдер арасындағы сайыстарда Татьяна Ахметова (53 келі) алғашқы белдесуде ұтылып қалды. Юсуп Батырмырзаев (125 келі) та бірінші айналымнан аспады. Кейін олардың қарсыластары да жеңілді. Демек, екеуі де жұбаныш белдесу мүмкіндігінен айырылды.

Сондай-ақ, бүгін Нұрислам Санаев (57 келі) болгариялық Георги Вангеловпен қола медаль үшін белдеседі. Ол кеше жартылай финалға жеткен. Бірақ үндістандық палуаннан жеңіліп қалды.

Жаңалықтар
0