Қоғам

Министр белгілі журналистің отбасына көңіл айтты

CC0 / christoph_mschrd / Перо, ручка, бумага, письмо, иллюстративное фото
Перо, ручка, бумага, письмо, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2021
Жазылу
Ол Юлдаш Азаматов 25 жылдан астам уақыт "Ұйғыр Авази" газетінің бас редакторы қызметін атқарғанын айтып, басылымды республикалық газет деңгейіне көтергенін жеткізді

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева журналист, жазушы Юлдаш Азаматовтың қазасына байланысты марқұмның жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Белгілі журналист, жазушы, Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Журналистика академиясының академигі Азаматов Юлдаш Абдуқадырұлының өмірден озуына байланысты марқұмның отбасы мен жақын-туғандарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын", - деп жазды Балаева.

Ол Азаматов бүкіл саналы ғұмырын журналистика саласына арнап, қарымды қабілетімен, зор шығармашылық әлеуетімен отандық медианың дамуына өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті.

Министр журналист 25 жылдан астам уақыт "Ұйғыр Авази" газетінің бас редакторы қызметін атқарғанын айтып, басылымды республикалық газет деңгейіне көтергенін де жеткізді.

Айта кетері, Юлдаш Азаматов 1947 жылы Алматы облысы Жаркент қаласында туған.

"Жоғалған пышақ", "Ядикардың атасы", "Үміт" әңгімелер мен повестер жинағының авторы.

Жаңалықтар
0