Білім

Ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ тапсыруға өтініш қабылдау басталды

© Photo : vidhyarthidarpanСтуденты на занятиях
Студенты на занятиях  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2021
Жазылу
ҰБТ-ға Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы тіркелу керек. Тестілеу 10-13 тамыз аралығында электронды форматта өтеді

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Тамызда өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, өтінім қабылдау 4 тамызда басталып, 6 тамызға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы жүргізіледі.

"Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Бұл ҰБТ-ға биыл және былтырғы мектеп түлектері, колледж түлектері мен шетелдік мектептерде білім алғандар қатыса алады", - делінген ақпаратта.

Оқуға түсу үшін шектік балл ретінде әр пәннен кемінде 5 балл жинау қажет.

Негізгі ҰБТ секілді тамыздағы тестілеу 10-13 тамыз аралығында электронды форматта өтеді. Тіркелу кезінде тест тапсырушылар емтихан өтетін орынды, күнді және уақытты өзі таңдайды.

Жаңалықтар
0